Басып шығару
PDF

Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде 2020 жылғы түлектерге диплом тапсыру салтанаты on-line өтті.

d04

ZOOM платформасы арқылы өткен диплом табыстау рәсіміне бітіруші түлектермен қатар университет ректоры т.ғ.д. профессор Тәкішев Әбділмәлік Арғынұлы, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен ата-аналар қатысты. Алғашқы сөз кезегін алған университет ректоры Әбділмәлік Арғынұлы бітіруші түлектерді құттықтай келе, жылы лебізін білдірді.

d02

Айта кеткен жөн, биыл Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітіруші түлектер саны, оның ішінде 23 магистр дәрежесіне иеленсе, 28 қызыл дипломмен тәмамдап отыр. 

4 жылдың ішінде университеттің қоғамдық-мәдени, ғылыми-әлеуметтік өміріне белсене араласып, университет намысын қала, облыс, республика және халықаралық деңгейде қорғап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан түлектерге арнайы номинациялар табысталды.

d03

Сонымен қатар белсенді түлектер Ректордың Алғыс хатымен,қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуына үлес қосқаны үшін бірқатар түлектер Жезқазған қаласы әкімдігінің және де Жастар ресурстық орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

d17

Тарихи кезеңдегі бітіруші түлектерді университетті сәтті аяқтауларымен құттықтай отыра, алдағы өмірлеріне сәттілік тілейміз!