
19 Ақпан 2021
15.02.2021ж күні «Электр энергетика және еңбек қорғау» кафедрасы Жезқазған қаласы колледждері «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ, Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі, КМҚК «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» студенттерінің арасында ZOOM платформасында «Электр техниканың теориялық негіздері» пәнінен онлайн пәндік олимпиадасын өткізді.
Олимпиадаға колледждердің «Электроэнегретика», «Электрмен жабдықтау», «Автоматтандыру және басқару» мамандықтарының 10 студенті және Жезқазған университетінен «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша 2 студент қатысты.
Олимпиада барысында студенттер «Электр техниканың теориялық негіздері» пәнінен есептер шығарды. Жұмыстарды тексере келе олимпиада комиссиясы келесі орындарды тағайындады:
I орын – Балхаева Зарина Асылбеккызы, АиУ -18-1 топ туденті, ЖезУ
II орын – Куанышев Кайсар Ермекулы ЖИГК, Байтемиров Мейрамбек ЖПТК
III орын – Карих Владислав Алексеевич ЖПТК, Миронов Михаил Михаилович ЖИГК
Студенттерді дайындаған оқытушыларға сертификаттар берілді.
Орын алған студенттер «Электр техниканың теориялық негіздері» пәнінен өткізілген олимпиада Мадақтама қағаздарымен марапатталды.