Басып шығару
PDF

«Тәуелсіздік-бақыт жолы»

01

«Шығармашылық білім беру бағдарламалары» кафедрасының 2020-2021 оқу жылына жоспарланған кәсіби бағдар жұмысының жоспарына сәйкес «Бейнелеу өнері және сызу», «Кәсіптік оқыту» мамандықтары бойынша Желтоқсан айында «Тәуелсіздік-бақыт жолы» - атты сурет салу конкурсы бойынша қалалық оқушылар арасында байқау жарияланған болатын.

Байқаудың мақсаты: қаламыздағы мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтау, талантты жас суретшілерді болашақта осы мамандыққа қызығушылығын арттырып, мектеп түлектерін университетімізге тарту. Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 16 желтоқсан мен 30 желтоқсан аралығында электронды түрде қабылдынды.

«Шығармашылық білім беру бағдарламалары» кафедрасының ұйымдастыруымен 31 желтоқсан 2020 жылы ZOOM платформасы арқылы «Тәуелсіздік-бақыт жолы» байқаудың қорытындысы бойыншаконкурстың жабылу салтанатынабарлық қатысушыларшақырылды, сонымен қатар университтеміздің оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі проректоры PhD докторы Укибаева Г.К., Гуманитарлық педагогикалық-институтының директоры гуманитарлық ғылымдарының магистрі Хамитова Э.А. «Шығармашылық білім беру бағдарламалары» кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы 6М010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі Нурмаганбетова Р.К., педагогика ғылымдарының магистрі Уксикбаева К.М. кафедраның аға лаборанты Абенова Р. және кафедраның оқытушылары шақырылды.

Іс-шарада Гуманитарлық педагогикалық-институтының директоры Хамитова Э.А. сөз сөйледі, әнұранмен жалғасты, қатысушылардың суреттерінен демонстрациямен шағын көрме көрсетілді.

Іс - шараға қатысып үздіктер ішінен көрінген Кенжебек Ерболат бас жүлде, Шайхан Әлихан, Жүсіп Айша 1 орын алды. Шинтемир Салтанат, Садуақасова Диана, Сыбанбек Ботагоз 2 орын алса, үшінші орынды Ислам Елтан, Ерасыл Маратұлы, Мұқатай Әліби, Мұқаш Айым иеленді.Қалған қатысушылар және жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.

Мектеп оқушылары шығармашылық мамандықтар туралы біраз мағлұмат алды. Марапаттау іс-шара өте қызықты өтті.