Басып шығару
PDF

Жезқазған университетінде халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті

001

Бүгін Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің ұйымдастыруымен, Жезқазған қаласы әкімдігінің және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Жезқазған-Ұлытау аймағында бейнелеу өнері және сызу мамандығының қалыптасуы: кеше, бүгін және даму келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ғылыми іс-шара педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Жезқазған-Ұлытау өңірінде Бейнелеу өнері және сызу мамандығын тұңғыш ұйымдастырушы Қазанғап Төлеутай Махметұлының 70 жасқа келуіне және Бейнелеу өнері және сызу мамандығының алғашқы түлектерінің бітіруіне 40 жыл толуына орайластырылды.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Қазақ ұлттық өнер университетінің, Мәскеу мемлекеттік облыстық университетінің, Мәскеу педагогикалық  мемлекеттік университетінің, Новосибирь мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушы-ғалымдары, Қазақстан және Ресейдің Суретшілер одағы мен Дизайнерлер одағының мүшелері, Жезқазған-Ұлытау аймағының Құрметті азаматтары мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

002 003

Іс-шараның секциялық отырысы соңында «Жезқазған педагогтік институты Көркем сурет және графика факультетінің алғашқы түлектері» атты кітабының тұсаукесері болды.

Конференция жұмысы ертең, 7 қараша күні мәдени іс-шаралармен жалғасын табады.