Print
PDF

«Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі»

01  

Бүгін 15.10.2020 ж. Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Шығармашылық білім беру бағдарламалары» кафедрасының ұйымдастыруымен, Жезқазған қаласының «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің найб имамы Сейдахметов Абылай Айқынұлымен «Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі» атты профессор-оқытушылар мен студенттер арасында дөңгелек стол ұйымдастырылды. Сонымен қатар дөңгелек столға Гуманитарлық - педагогикалық институтының директорының міндетін атқарушысы Хамитова Элмира Амантаевна мен Гуманитарлық - педагогикалық институтының кураторлар төрайымы Касымова Ботагоз Алибековна қатысты.

Діни сауаттылық - шариғаттың ғана емес бүгінгі заманның да басты талабы деді. Өйткені, түрлі ағымның тамыр жайып, көбейіп кеткен кезеңінде болмаса, жас буынның теріс бағыттың соңынан еріп кету қаупі бар. 

Міне, осыған байланысты гуманитарлық - педагогикалық институтының студенттеріне түсіндіру жұмыстары жасалып, Абылай Айқынұлы студенттердің ойларында жүрген сұрақтарына жауап беріп қандай кітаптарды оқу керектігі жөнінде мағұлматтар берді.

02

Әңгіме, сөздерінің барысында сөз сөйлеген «Педагогика және Психология, Филология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Кашкинбаева Замзагуль Жанайдаровна өз тәжірбиесінен өткен мағлұматтармен бөлісіп студенттерді жат ағымнан алыс жүруге насихаттады.  

Абылай Айқынұлы Халық діни нанымдарына қарай да жіктеледі, бұл халықтың діни құрамы деп аталады, теріс ағымнан сақтану жолдары, діннің қоғамдағы орны, діни білім турасында мардымды насихат айтты.

Студенттердің сауалдарына дәйекті жауаптар беріп, өзге ағымды ислам дінінен ажырату жолдарын баяндады. 

Сөз кезегінде ПМНО 18-1 тобының кураторы Айкерим Байқазаховна діннің жастарға әсері, халықты деструктивті діни ағымдардан қорғау, радикалданудың себептері мен алдын алу тәсілдерін кеңінен қамтыды. Сондай-ақ, қоғамға жат құбылыстан тек қана діни сауаттылық арқылы сақтануға болатыны жеткізілді.

03

ИИиЧ 20-1 тобының студенті Хамитбек Айгерім шариғат бойынша адам бейнесін суретке салуға болады ма деген сұрақ қойып мардымды жауап алды.

Абылай Айқынұлы: сөз соңында «Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі деп аяқтады.