Print
PDF

18 қазан Рухани келісім күні қарсаңында "Дәстүр мен мәдениет-ұлттың генетикалық коды" тақырыбында сыр-сұхбат өтті.

02  

Онлайн арқылы өткен іс –шарамыздың қонақтары Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы.

Іс-шараға Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына қарасты топ студенттері мен мұғалімдері қатысты.

Іс –шараның тәрбиелік мақсаты: ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құруға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясатты ұстана білуге үйретуге, қоғамда тұрақтылықты сақтауға, тәрбиелеу. Онлайын кездесуге Сондай-ақ қаламыздағы 10 мектептің 10-11 сыныптың оқушылары қатысты (43 оқушы).

01

Қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі осы жайында, іс –шара барысында діни ахуалды саралай келіп негізгі түсініктерді талдап өтілді. Зайырлы, толеранттылық сөздерін естігенде ойларыңа не түседі? деген сұрақ қойылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Ғазиз Елеусізбайұлы кездесу барысында бұзақылыққа, бүлікке, ел тыныштығын бұзатын жәйттерге ешқандай да жол бермеуге тиіспіз деп, бір елде тұрып нанын жеп, суын ішіп отырғандықтан, бір-бірімізге әрдайым құрметпен қарап өзара жақсы қарым-қатынаста болуымыз керек деп ақыл кеңесін берді. Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу жайлы кеңінен әңгімеледі.