Print
PDF

2020 жылдың 14 қазанында «Технологиялық машиналар және құрылыс» кафедрасының кураторлары бастаған «Қазақстандағы діни ағымдар» тәрбие сағатын өткізді.

002

Мақсаты: Қазіргі таңдағы әр түрлі діни ағымдардыі өскелен ұрпаққа әсері. Діни түсінік беру арқылы жастарды адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Бұл іс-шараға университетіміздің студенттері, оқытушылар және қонақтар шақырылды. Өткізілу түрі қашықтықтан, ZOOM платформасында өтті.

Жиналыс барысында төмендегідей баяндамалар тыңдалды:

- «Қазақстанда тиым салынған діни ұйымдар», Ш.С. Жолдыбаев доцент т.ғ.к.

- «Диструктивті діни ағымдардың мақсаттары мен насихат үлгілері», С.А.Өтеген, аға оқытушы.

- «Қазақстанда дәстүрлі емес ислам ағымдарының пайда болуы», Е.Серіков, ТМиО-17-1 тобының студенті.

- «Қазақстанның негізгі діндері», Г.Б.Айымбетова, аға оқытушы.

001

Ахмет ишан атындағы Жезқазған мешітінің ұстазы Н.Е.Омаров іс шараға тақырыпты толықтай ашып, нақты деректер мен ақпараттармен қорытындылады.

Іс шара ұйымдастырушысы «Технологиялық машиналар және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы Г.Р.Байменова.