Печать
PDF

Студенттердің тұрмыстық әлеуметтік жағдайы

Университетқарамағында 400 орынға 3233,8 ш.м. ауданымен 1 жатақхана (тұрғынаудан 1707,3 м2) бар. Қаланың батыс бөлігінде, Байқоңырова 123 мекен – жайында орналасқан. Жатақханада: 91 тұрғын бөлме; оқу үшін арналған бөлме; демалыс бөлмесі; жуынуға және тұрмыстық қажеттіліктерге арналған бөлмелер; 2-3-4 жергілікті бөлмелері бар.

Инфрақұрылымы динамикалық дамыған аудан, әлеуметтік және азық–түлік дүкендер қолжетімді жерде орналасқан, "СарыАрка" кинотеатры, "Тилман" отбасылық медициналық амбулаториясы, "Қазақтелеком" АҚ, спорттық-сауықтыру кешені. Жатақханада студенттерді орынмен қамтамасыз ету - 100%.

Спорттық жабдықтардың саны (1 студентке кв.м.).

Университет студенттері гимнастикалық және тренажорлық жабық спорттық залдармен қамтамасыз етілген. 2 спорттық залдарының ауданы - 553.5 ш.м., тренажерлық залдың - 116 ш.м., қосалқы бөлмелерсіз жалпы ауданы (киім шешетін бөлме, жуыну орны, дәліз) 669.5 кв.м. келеді.

Спорттық залдардың жалпы ауданы 4313,5 ш.м. құрайды, күндізгі оқу нысанында оқитын 1 студентке берілетін аудан - 2,9 ш.м. Сонымен қатар №5 оқу ғимаратының аумағында ашық спорт алаңы бар. Сонымен қатар футболдық алаңмен, баскетболлдық алаңмен, жүгіру жолымен қамтамассыз етілген.

Қоғамдық тамақтандыру және медициналық пунктілердің саны.

Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру №2, №5 және бас оқу ғимараттарында орналасқан, 3 асханада жүзеге асырылады. Асхана ауданы 397,4 ш.м құрайды. Орналасу орындарының саны - 200.

№1 жатақханасында, №5 және бас оқу ғимараттарында 3 медициналық пунктілер орналасқан. Медициналық пунктілер қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

  • platonus kartinka
  • Bolashak
  • site prezidenta kazakhstana 0
  • Ministerstvo Obrazovanie RK
  • Elektronnoe Pravitelsto Kazakhstana
  • fin logotip ru
zoofirma.ru