Печать
PDF

Оқу орнын бітіргеннен кейінгі алып шығатын біліктілік

 

5B070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы бойынша алып шығатын біліктіліктері:

- тірі және өлі табиғатта кездесетін процестер мен құбылыстар туралы түсінігі болуы;

- материалдық құрамы, жер қыртысының құрылымы мен дамуы және тұтастай Жер туралы түсінігі болуы;

- жер қыртысының аймақтық және жергілікті құрылымдық элементтерінің кеңістіктік бөлу заңдылықтары туралы түсінігі болуы;

- жер қойнауындағы геологиялық денелер мен пайдалы қазбалар құрамы мен қасиеттерін талдау және зерттеу әдістері туралы түсінігі болуы;

- қашықтықтан, бұрғылау, тау-кен, геофизикалық, геохимиялық және лабораториялық зерттеулер әдістерін пайдалана отырып геологиялық зерттеу, іздестіру және барлау жұмыстарының барлық түрлерінің әдістемелік негіздері туралы түсінігі болуы;

- пайдалы қазбаларды болжау және барлау жөніндегі геологиялық карталардың әртүрлі типтерін практикалық қолдану туралы түсінігі болуы;

- бұрғылау, геофизикалық, тау-кен және туннелдік жабдықтарды, қазіргі заманғы техника мен жабдықтардың техникалық мүмкіндіктері мен тиімді пайдалану шарттары туралы түсінігі болуы;

- экономикалық теория негіздері, экономика және қазіргі жағдайда геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру туралы түсінігі болуы;

- геологиялық жұмыстары жүргенде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық және қауіпсіздік туралы заңнаманы, жер қойнауын пайдалану туралы құқықтық негіздері туралы түсінігі болуы;

- жер қойнауыдағы геологиялық денелер мен пайдалы қазбалардың құрамы мен қасиеттерін талдау білуі;

- қашықтықтан зондтау, бұрғылау, тау-кен, геофизикалық, геохимиялық және лабораториялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып геологиялық түсіру, іздестіру және геологиялық барлау жұмыстарының барлық түрлерін методологиялық құзыретті жүзеге асыра білуі;

- пайдалы қазбаларды болжау және зерттеу үшін геологиялық карталардың әр түрлі түрлерін тәжірибе жүзінде қолдана білуі;

- бұрғылау, геофизикалық, тау-кен құрал-жабдықтар, заманауи техника мен жабдықтарды пайдалана білуі;

- геологиялық барлау барлық түрлері үшін жоба жасау және қазіргі жағдайда олардың тиімділігін экономикалық есептей білуі;

- геологиялық жұмыстар кезінде еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау туралы заңнамасын дұрыс қолдана білуі;

- қазіргі заманғы технологиялар мен компьютерлік технологияларды пайдалана отырып геологиялық карталар, далалық және баяндамалық геологиялық құжаттаманы сызу, оқу және талдауға дағдылануы;

- геологиялық құрылым облысының жұмыс ауданын және ерекшеліктерін кешенді зерттеуге дағдылануы;

- тау жыныстары мен кендердің геологиялық зерттеу әдістерін, макроскопиялық және микроскопиялық құрылымын анықтау, құрамын, құрылымын пайдалану, және жыныс қалыптастырушы және кенді минералдарды зерттеуге дағдылануы;

- картографиялық, геодезиялық, геодезиялық, маркшейдерлік, геодезиялық материалдарды пайдалануға дағдылануы;

- типтік мақсаттары мен оларды жүргізу шарттарына сәйкес жобалау, ұйымдастыру және кешенді геологиялық зерттеулерді жүзеге асыруға дағдылануы;

- заманауи техникалық құралдармен пайдалы қазбалардың қорын қадағалау және ажырату, кен орынның болжамы карталарын жасау, жер қойнауында пайдалы қазба қорларын барлаулық, болжамдық және өнеркәсіптік бағалауға дағдылануы;

 

5В070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша алып шығатын біліктіліктері:

- негізгі ғылыми-техникалық проблемалары мен қазіргі тау-кен өндірісінің жағдайы және оның даму жолдары туралы түсінігі болуы;

- ғылым, техника және өндірістің дамуындағы тау-кен ісінің орны мен рөлі, Жер қойнау ресурстарын кешенді және ұтымды игеру принциптері туралы түсінігі болуы;

- пайдалы қазбалар кен орындары, олардың геологиясы және негізгі сипаттамалары туралы түсінігі болуы;

- тау-кен өнеркәсіп құрылысының тәсілдері мен құралдары және пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру, тау-кен жұмыстарын жүргізу механикаландырудың заманауи құралдары, өндірістік процестер технологиясы туралы түсінігі болуы;

- еңбекті қорғаудың медико-биологиялық және санитарлық-гигиеналық негіздері, тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі негізгі қауіптер және зияндылар туралы түсінігі болуы;

- тау-кен жыныстары және топырақтың кернеулі-деформацияланған күйін зерттеу әдістері туралы түсінігі болуы;

- экологиялық табиғатты қорғау қағидалары және жер қойнауын ұтымды пайдалану әдістері туралы түсінігі болуы;

- Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, өндірістік қатынастарды реттеуші этикалық және құқықтық нормаларды білуі;

- тау-кен жұмыстарының технологиясы, механикаландыру және ұйымдастыру негіздерін білуі;

- тау-кен қазбалар және құрылыс кешендерін, олардың конструкциялық элементтерін, құрылыс материалдарын білуі;

- тау-кен жұмыстарына қолданылатын жабдықтар мен аспаптардың жұмыс істеу принципін және конструкциясын білуі;

- пайдалы қазбалар қорларының есептеу мен қозғалысын есепке алу әдістерін білуі;

- тау-кен жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттері мен массив жағдайын басқару әдістерін білуі;

- жалпы қағидаларын, жобалауды ұйымдастыру түрлерін; жобалық құжаттаманың құрамын, инженерлік жобалау әдістері, АЖЖ білуі;

- тау-кен жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырудың теориялық негіздерін, тау-кен кәсіпорынның құрылымы және басқару әдістерін білуі;

- тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу техникасын білуі;

- тау-кен кәсіпорындардың желдету негіздерін, шаң-, газ-, аэродинамика процестерін білуі;

- электронды және өлшеу техникасын, аспаптар және тау-кен өндірісінің бақылау процестер жүйесін, қазіргі заманғы есептеу техникасын және ақпараттарды өңдеу құралдарын білуі;

- тау-кен кәсіпорындарының экономикасын білуі;

- ашу, дайындау және өндіру жұмыстарын құрылыс жүргізудің оңтайлы технологиялық схемаларын таңдауға дағдылануы;

- тау-кен жұмыстарының перспективалық және ағымдағы даму жоспарларын құруға дағдылануы;

- қазіргі заманғы өлшеу және есептеу техникасын пайдалануға дағдылануы;

- құрылыс және тау-кен жұмыстарын жүзеге асыру паспорттарын құру, аспаптық бақылау және олардың сақталуын жүргізуге дағдылануы;

- құрылыс мен іске қосу кезінде тау-кен объектілерін желдету тәсілі мен схемаларын таңдауға дағдылануы;

- бастапқы орындалған жұмыстарды есепке алуды жүргізу, өндірістің жедел және ағымдағы көрсеткіштерін талдау, өндірісті басқаруды құрылымдық жетілдіру және ұйымдастыру ұсыныстары бойынша негіздеуге дағдылану;

 

5В070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша алып шығатын біліктіліктері:

- байыту және экстрактивті металлургия физика-химиялық негіздері, жабдықтары және негізгі технологиялары туралы, өнімді өңдеу және бақылау әдістері туралы, осы салада олардың өркендеу және ғылым мен техниканың жетістіктері туралы түсінігі болуы;

- шикізаттың құрамы, технологиялық өндеулер және процестердің техника-экономикалық көрсеткіштерінің өзара байланыстарын білуі;

- іс жүзінде металлургиялық өндірістің процестері мен жабдықтарының теориялық және технологиялық есептеулерін қолдана білуі ;

- зертханалық зерттеу, өндірістік агрегаттарды жобалау және есептеу, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін математикалық өңдеу, технологиялық карталарды құрастыру дағдылары болуы;

- техникалық және экологиялық қауіпсіздік, адамның өмірін қорғау, құқықтық нормалар және экономикалық мәселелерде жетік болуы.

 

5В071300 - «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша алатын біліктіліктері:

- техниканың шектес салаларымен өзара байланысты көлік техникасының даму перспективасы мен негізгі ғылыми техникалық мәселелерін; көлік техникасын пайдалану шарттарын өзгертудің негізгі бағыттарын; өндірістің экономикалықм негіздерін; көлік нарығы қызметтерінің ахуалы мен сұранысын зерттеу тәсілдерін; салықты; басқару және инженерлік шешімдерді қабылдау және техникалық-экономикалық талдау тәсілдерін; қаржылық қатынастардың заң негіздерін; маркетинг және менеджмент негіздерін білуі керек.

- көлік техникасының құрылымынан; нарық экономикасының негіздерінен; көлік техникасының құрылымында қолданылатын материалдарды және олардың қасиеттерін; жанар-жағар майдың балама түрлерінің қасиеттері мен қолдану ерекшеліктерінен хабардар болуы керек.

- шетелдік және салааралық, салалық алдыңғы қатарлы тәжірибені пайдалануды; көлік техникасы жұмыс режимдерінің және пайдалану, дайындау, жобалау шарттарының ерекшеліктерін анықтауды; конструкция төзімділігін жоғалту, коррозияға ұшырау, тозу механизмдерінің талдау мәліметтерін; көлік қауіпсіздігімен қоса, ондағы техникалық нормативтер мен заң актілерін, еңбек шарттарын, экология мәселелерін қолдана білу керек.

- ЭЕМ-де жұмыс істеу; көліктік техника мен жабдықтарды пайдалану бойынша негізгі нормативтік құжаттарды қолдану дағдысы болуы керек.

- көлік техникасы мен жабдықтарын жөндеу, пайдаланудың тиімді режимдерін таңдау мен жоспарлауды; еңбек заңдарын жетік білуі керек.

Бұл мамандықты бітірген студенттер 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технологиялар мамандығы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесін алады.

 

5В071800 – «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша алып шығатын біліктіліктері:

- Электр станцияларының және қосалқы станцияларының, электр жүйелері мен тораптарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, өнеркәсіптің түрлі салалық кәсіпорындарын электрмен жабдықтау, электр энергетикалық жүйелерінің релелік қорғаныс және автоматтандырылуы, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын электрмен жабдықтау, электр көлігінің, технологиялық кешендердің электр жетегі және автоматтандырылуы, жарық техникасы және жарық көздері, электр технологиялық қондырғылар мен жүйелердің, электр оқшауламалау және кабелдік техниканың, электр механиканың дәстүрлі емес және энергияның қайта жаңғыртылатын техникалық қызметін және қызмет ету сапасын бақылау, жетілдіру, жаңғырту және жақсартуды жүргізеді;

- электр станцияларының және қосалқы станцияларының, электр көлігінің, технологиялық кешендердің электр жетегі және автоматтандырылуын, жарық техникасын және жарық көздерінің, электр техникалық қондырғылар мен жүйелердің, электр оқшауламалық және кабелдік техниканың, электр механикасының, дәстүрлі емес және энергияның қайта жаңғыртылатын көздерін, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын электрмен жабдықтаудың, өнеркәсіптің түрлі салалық кәсіпорындарын электрмен жабдықтауын, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысын және автоматтандырылуын, электр жүйелері мен тораптарын негізгі құралдарының параметрлік өлшемдерін метрологиялық тексеруін іске асырады.

Кәсіби қызметтер электр техникалық объектілерді, атап айтсақ: электр станциялары және қосалқы станцияларды, электр көлігінің, технологиялық кешендердің электр жетегі және автоматтандырылуын, жарық техникасы және жарық көздерін, электр техникалық қондырғылар мен жүйелерді, электр оқшауламалық және кабелдік техниканы, электр механикасын, дәстүрлі емес және энергияның қайта жаңғыртылатын көздерін, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын электрмен жабдықтауды, өнеркәсіптің түрлі салалық кәсіпорындарын электрмен жабдықтауды, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы және автоматтандырылуын, электр жүйелері мен тораптарын пайдалану, жобалау және жаңғыртуға бағытталған.

 

5В072400 - «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)» мамандығы бойынша алатын біліктіліктері:

- өндірістің заманауи жағдайы мен даму жолдары; әртүрлі технологиялық машиналардың қазіргі жағдайы мен негізгі ғылыми-техникалық даму проблемалары; механикалық жабдықтардың құрылымы мен өзара байланыстары және функционалдық міндеттері туралы түсінігі болуы керек.

- механикалық жабдықтардың алдыңғы қатарлы пайладану әдістерін; технологиялық машиналар мен жабдықтарды күтуші тұлғалардың негізгі құқықтары мен міндеттерін; технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдаланудың экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін білуі керек.

- механикалық жабдықтарды жөндеу кестесін жасауды; механикалық жабдықтарды тиімді пайдаланудың заманауи әдістерін және есептеу техникасын пайдалануды; технологиялық машиналар мен жабдықтардың қоршаған ортаға әсерін бағалау және шығын көлемін анықтаудың әдістерін қолдана білуі керек.

- ЭЕМ-де жұмыс істей білу; технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдаланудың негізгі нормативтік құжаттарын қолдана білу; технологиялық жабдықтарды пайдланудың тиімді режимін таңдай білу дағдысы болуы керек.

Бұл мамандықтың түлектері 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесін алады.

 

5В072900 - «Құрылыс» мамандығы мамандығы бойынша алатын біліктіліктері:

- сәулеттік жобалау негіздерін, ғимараттар мен имараттар конструкцияларының қазіргі заманғы түрлерін; ғимараттар мен имараттарды, инженерлік жүйелерді есептеу және конструкциялау негіздерін; жобалық құжаттардың құрамы мен мазмұнын; құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыруын, механизациясын, автматтандыруын білуі керек.

- өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңызы мен болмысы туралы, оның нақты жұмыс саласын анықтайтын пәндердің маңызы және олардың бүтіндей білім жүйесіндегі өзара байланысы; сәулеттің даму тенденциялары, ғимараттар мен имараттар көлемдік-жобалау, композициялық және конструктивтік шешеімдері, қала құрылысы, оны жобалау және орнату перспективалары туралы; геодезиялық, гидрогеологиялық және экологиялық зерттеулердің инженерлік әдістерін туралы түсінігі болу керек;

- кәсіби қызметке қатысты мөлшерлік және құқықтық құжаттарды пайдалануды; жобалық-конструкторлық және өндірістік мәселелерді шешу үшін барысында ақпарат және қолданбалы бағдарлама пакеттерін жинау үшін ақпараттық технологияларды пайдалануды; құрылыстық-жинақтау жұмыстарының сапасын бақылау және бағалауды істей білуі керек;

- арнайы ғылыми және сәулет-құрылыстық терминдерді игеруі бойынша; құрылыс конструкцияларын, ғимараттар мен имараттардың негіздерін, жылугазбен қамтамасыз ету, желдету, сумен жабдықтау және канализация жүйелерін, құрылыс өндірісін ұйымдастыруын есептеу, жобалау бойынша негізгі мөлшерлік және анықтамалық құжаттармен жұмыс жасауға дағдысы болуы керек;

- құрылыс, сәулет, инженерлік жүйелер, менеджмент, экономика, қоршаған ортаны қорғау мәселері бойынша жетік болуы керек.

Бұл мамандықты бітірген студенттер 5В072900 - Құрылыс мамандығы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесін алады.

 

5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» бойынша алып шығатын біліктіліктері:

- тіршілік әрекеті қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғау жағдайларын жасау бойынша жұмыстар жүргізу;

- техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бойынша оқу және нұсқамалық жүргізу;

- тіршілік әрекеті қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Бакалавр өзінің кәсіптік қызметінде төмендегідей міндеттерді шешеді:

- кәсіби деңгейін арттыру;

- тіршілік әрекеті қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларда қорғау саласындағы заң, нормативтік-құқықтық және өзге құжаттардағы өзгерістер туралы басшылықты және персоналды ақпараттандыру;

- тіршілік әрекеті қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауға және төтенше жағдайларда қорғауға қатысты нұсқаулықтар және басқа құжаттар әзірлеу;

- төтенше және апат жағдайларын болдырмаумен, сондай-ақ олардың зардаптарын жоюмен байланысты жұмыстар жүргізуге қатысу;

- нормативтік-техникалық, нормативтік-экологиялық, есептік және өзге құжаттарды жасау;

- жұмыс аймағы жағдайын және қоршаған ортаны талдау және болжау.

Бакалаврдың кәсіптік қызметі тіршілік қызметі қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларды болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталған

  • platonus kartinka
  • Bolashak
  • site prezidenta kazakhstana 0
  • Ministerstvo Obrazovanie RK
  • Elektronnoe Pravitelsto Kazakhstana
  • fin logotip ru
zoofirma.ru