Печать
PDF

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша оқытылатын мамандықтар

 

Техникалық мамандықтар:

5В070600 - Геология және пайдалы қазба орындарын барлау;

5B070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығының бакалаврлары геология саласындағы минералды-шикізаттық кешеннің зерттеу және қызмет көрсету қызметтерін жүзеге асырады. Бакалаврлардың кәсіптік қызметінің нышандары тау-кен-құрылыс, тау- кен - өндіру кәсіпорындары, геологиялық барлау ұйымдары, әр түрлі тағайындалған ғимараттарды пайдаланатын, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары және пайдалы қазбалардың кенорындарын барлаумен, жобалаумен, салумен және игерумен байланысты басқа нышандар болып табылады. Бакалаврлардың кәсіптік қызмет заттары жабдықтар, аспаптар, ақпараттық жүйелер мен программалық өнімдер, жерасты ғимараттарының және үстіңгі жер бетіндегі ғимараттардың нышандары, кенорның ашу, ұңғылау және өндіру жұмыстарының технологиялық сұлбалары, тау-кен жұмыстарын жүргізу төлқұжаты, тау - кен және құрылыс жұмыстарын механикаландыру құралдары, тау-кен жұмыстары және басқа тау-кен графикалық құжаттама, жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз әдістері және еңбек қорғау болып табылады. Геология бакалавры кәсіптік қызметінің ауқымы пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлау мәселелерімен айналысатын халық шаруашылықтарының салалары, жер қойнауын пайдалану бағытындағы мемлекеттік органдар, геологиялық-геофизикалық кәсіпорындар, осы бағыттағы зерттеу институттары, әр түрлі меншіктегі бюролар, фирмалар т.с.с. болып табылады. Мамандық бойынша студенттер «Kazakhmys Smelting» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және басқа кәсіпорындарда келісім-шартпен өндірістік тәжірибені игере алады.

5В070700 – Тау-кен ісі;

5В070700 – «Тау-кен ісі» - ғылым мен техниканың жер қойнауын игеру, пайдалы қазылымдар өндіру жұмыстарын қамтитын саласы. Ол жер қыртысына техногендік әсер етудің барлық түрін қамтиды. Тау-кен ісі негізінен жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, құрамы мен сапасын анықтау, өндіру жүйесін тағайындау, алынған пайдалы қазылымдарды алғашқы өңдеуден өткізу және тау-кен технологиясы саласында ғылыми-зерттеуші жұмыстарын жүргізумен айналысады. Содан кейін ғана кен қазу үшін дайындық жұмыстары (кенді ашу, дайындық қазбалар жасау, жер астылық және жер үстілік қажетті құрылыстар тұрғызу, т.б.) орындалып, кен белгіленген жүйемен қазыла бастайды. Бакалаврдың кәсіптік қызметінің саласы тау-кен ғылымы мен техникасының салалары, экономика салалары, әскери-өнеркәсіптік кешен, өнеркәсіптік өндіріс, жер қойнауларын және пайдалы қазбаларды қорғау облысындағы мемлекеттік органдар, жобалау-іздеу институттары, бюролар, фирмалар және әр түрлі меншікті т.с.с. болып табылады. Мамандық бойынша «Kazakhmys Smelting» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және басқа кәсіпорындарда келісім-шартпен өндірістік тәжірибені өте алады. Кафедраның түлектер 5В070700 - Тау-кен ісі мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алып, кафедрада сол мамандық бойынша білімін магистратурада жалғастыра алады.

5В070900 – Металлургия;

5В070900 – «Металлургия» – ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы. Мамандық бойынша университеттің оқу аудиториялары мен зертханалары заманауи құрылғылармен, барлық оқу үрдісін қамтитын оқу әдебиеттермен қамтамасыздырылған. 5В070900 – «Металлургия» бойынша бакалавриатты бітірушы мамандар өнеркәсіптерде өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық жұмыстарын, сонымен қатар байытылған, қара, түсті, сирек кездесетін және радиоактивті металдарды, құймаларды және арнайы материалдар алу; металдар мен құймаларды өңдеу бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді; металдар мен қорытпаларды термиялық өңдеу. Оқу бітіруші түлектердің кәсіби қызмет ету объектілеріне қара және түсті металлургия, химиялық, кен-байыту, машина жасау өндірісі кәсіпорандары, салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, заводтық лабораториялар, жоғары және орта техникалық оқу орындары жатады. Кәсіби қызметінің пәні болып металлургиялық өндірістің технологиялық процестері, алғашқы шикізатты өндеу және тұтыну қасиеттері жоғары металл өнімдерін өндіру; металдар мен материалдарды алу және өңдеу технологиялары, құрылымын және қасиеттерін зерттеу, тау-кен металлургия өндірісінің жабдықтары, металлургиялық өндірісті және ақырғы өнімнің сапасын автоматты басқару мен бақылау жүйесі есептелінеді. Өндірістік тәжірибені «Жайремский ГОК» АҚ, «Kazakhmys Smelting» ЖШС және басқа кәсіпорындарда келісім-шартпен игере алады. Өңірде 5В070900-Металлургия мамандығы бойынша дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша әлеуметтік әріптестермен өзара байланыстар қарқынды дамуда.

5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары;

5В071300 - «Көлік, көліктік техника және технологиялар» бакалаврлары көлік техникасын жобалаумен, пайдалану және жөндеумен, сондай-ақ көлікті пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстарымен байланысты кешенді мәселерді шешуге бағытталған адамзат қызметінің әдстері мен тәсілдерін, құралдарын қамтитын материалдық өндіріс саласында қызмет ету тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстары үшін дайындалады.

Оқу бітіруші түлектердің кәсіби қызмет объектілеріне мыналар жатады:

Көлік техникасы мен жабдықтарын жасайтын машина жасау зауыттары, көлік техникасын пайдаланатын мекемелер мен ұйымдар; құрылымдық, жобалау және технологиялық ұйымдар; машина жөндеу кәсіпорындары; машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және делдалдық орталықтары; маркетингтік және көліктік-экспедициялық қызметтері; көлікті басқару қызметтерінің материалдық-техникалық қамсыздандыру жүйелері бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі бола алады.

Кәсіптік қызмет пәні болып табылатындар:

- көлік техникасы мен жабдығы; жүріс жабдығы; жұмыс жабдығы; көлік техникасының жетек жүйесі; қозғалысты басқару жүйесі; тіршілік қауіпсіздігі жүйесі;

- көлік техникасын жасау, сынау және қайта өңдеу жабдықтары;

- көлік техникасын техникалық күту және жөндеу жабдықтары;

- көлік техникасын жасауға және пайдалануға арналған бақылау-өлшеу аспаптары;

- көлік техникасының жұмыс процестерін автоматтандыруға арналған жабдықтар.

Студенттер өндірістік тәжірибені «Вираж. Сервис. Караганда», «Испытательный центр автотранспортных средств – Жезказганстандарт», «ПАТиМ», «Сатпаевское ПАТП» кәсіпорындарында жасалынған келісім-шарт бойынша өтеді.

5В071800 – Электроэнергетика

5В071800 – «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бакалаврлар дайындау «Ө.Ә. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ ҚР МК 08-2009: Сериясы АБ №0137384 классификаторына кіргізілген мамандық лицензиясына, әрекет ету мерзімі – мерзімі шектеусіз, берілген күні 3.02.2010 жыл, 03.02.2010ж. ККСОН ҚР БҒМ № 0137384 бұйрығы, және университет Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші түлекке «5В071800 – Электроэнергетика мамандығы бойынша техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызмет ауқымы ғылым мен техника саласы болып табылады, ол электр энергияны өндіру, жеткізу, тарату және тұтыну үшін жағдайлар жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер және адам қызмет әдістері жиынтығын құрайды.

Бітірушілердің кәсіби қызмет нысандары электр энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және тұтыну бойынша кәсіпорындар болып табылады.

«5В071800 – «Электроэнергетика мамандығыныңа бакалавры» төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

- өндірістік технологиялық: қондырғы жұмысының тиімді режимінің параметрлерін қоюға; электр қондырғылардың құрамын және оның параметрлерін, электр энергетикалық нысандардың сұлбасын анықтауға; технологиялық үрдістің барлық параметрлерінің және өндірілуші өнімнің сапасы сақталуын қамтамасыз етуге; қондырғылар және жүйелердің экологиялық және технико-экономикалық таладуын өткізуге;

- экспериментті зерттеу: іс-әрекет нысандарының динмикасын және күйін талдауға; іс-әрекет нысандарының әрекетін және қасиетін болжауға мүмкіндік беретін, теориялық модель құруға; технологиялық жүйелер электр қондырғыларға сынақ жүргізу әдістемесі және бағдарламасын, жоспарларын жасауға; экспериментальды және теориялық зерттеулер нәтижесін өңдеу үшін компьютерлік технологияны қолдануға; энергетикалық тиімді электр технологиялық құралдар, қондырғылар және кешендер ойлап табуға;

- сервистік пайдалану: қызмет нысандарының күйі мен динамикасын талдауға; қызмет нысандарының қасиеттерін және тәртібін болжауға мүмкіндік беретін теориялық білімдерін құруға; технологиялық жүйелер мен электр жабдықтардың жоспарын, бағдарламасын және сынақ жүргізу әдістемелерін жасауға; эксперименталдық және теориялық зерттеулердің нәтижелерін өңдеу үшін компьютерлік технологияларды қолдануда; энергия тиімді жабдықтарды, қондырғылар мен кешендерді жасауға қатысады;

- ұйымдастыру басқару: жұмысты орындаушы ұжымды ұйымдастыруға; әр түрлі талаптарды қанағаттандыратын (бағасы, сапасы, қауіпсіздік және орындау мерзімі) ұзақ және қысқа уақытты жоспарлау кезінде, шешім шығаруға; өнімнің сапа деңгейін қамтамасыз етуге кететін өндірістік және өндірістік емес шығынды бағалауға, өндірістік үрдістің техникалық бақылауын, сынағын және сапаны басқаруды іске асыруда.

- монтаждық жөндеу: монтаждау, жөндеу және ремонттық құжаттарды құруға; қондырғыны пайдалануға енгізу бойынша жұмысты жоспарлауға; электр қондырғыларды монтаждау, пайдалану және жөндеуге; нормативті құжаттарға сәйкес монтаждау-жөндеу жұмыстарына қатысуға; қондырғыны қабылдау-өткізу сынағына; қондырғыны пайдалануға қабылданғанда;

Есептік жобалау: электр станцияларын және қосалқы станцияларының, электр көлігінің, технологиялық кешендердің электр жетегі және автоматтандырылуын, жарық техникасын және жарық көздерінің, электр техникалық қондырғылар мен жүйелердің, электр оқшауламалық және кабелдік техниканың, электр механикасының, энергияның дәстүрлі емес және қайта жаңғыртылатын көздерін, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын электрмен жабдықтауын, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысын және автоматтандырылуын, электр жүйелері мен тораптарының жобаларын әзірлеуді іске асырады. Бұл мамандықтың түлектері, ҚР заңына сәйкес жоғарғы кәсіби білімнің талап ететін басқа да қызмет түрлерімен айналысады. «Электроэнергетика» мамандықтарының студенттері “Қазақмыс” корпорациясы құрылымдары, АжБ, Жезқазған электр торабы, т.б. кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтеді, бұл кезде студенттер жұмысшы мамандықтарын игереді.

5В072400 –Технологиялық машиналар және жабдықтар;

5В072400 - «Технологиялық машиналар және жабдықтар» бакалаврының кәсіби қызметінің саласы әскери-өнеркәсіптік кешенді қосқанда, өнеркәсіптің барлық салалары, сонымен қатар, жобалық конструкторлық және ғылыми-зерттеулер болып саналады. Кәсіптік қызметінің объектілері мемлекеттік басқару ұйымдары, әскери-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындары мен ұйымдар, жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары, әртүрлі меншік түріндегі фирмалар болып табылады.

Кәсіби қызметінің пәні болып: технологиялық машиналар мен жабдықтар; энергетикалық жабдықтар; қозғалғыш жабдықтар; жұмыс жабдықтары; машиналар жетегінің жүйелері; қозғалысты басқару жүйелері; оператордың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жүйелері; машинаның барлық бөліктерін орналастыруға арналған жалпы корпус; конструкторлық және пайдалану материалдары; технологиялық машиналарды жасауға, сынауға және пайдалануға арналған жабдықтар; технологиялық машиналарға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған жабдықтар; машиналарды жасауға және пайдалануға арналған бақылап-өлшеу аспаптары; машиналардың жұмыс процестерін автоматтандыруға арналған жабдықтар; машиналарды жобалауға арналған жабдықтар табылады.

Студенттер өндірістік тәжірибені «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС қарасты Жезқазғантүстімет ӨБ-нің кәсіпорындары мен мекемелерінде өтеді.

5В072900 – Құрылыс;

5В072900 – «Құрылыс» бакалаврларының кәсіби қызметінің саласы ретінде: құрылыс, машина жасау құрылысы, химиялық, тау-кен ісі, мұнай және газ өнеркәсіптері, металлургия саласы қолданылады. Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны құрылыс жинақтау басқармалары мен ұжымдары, құрылыс бұйымдарын өндіретін зауыттар, коммуналды шаруашылық мекемесі, құрылыс техникасы мен қондырғыларын жөндеу және пайдалану мекемелері, құрылыс бойынша акционерлік бірлестік бола алады. Мамандардың жігері құрылыс жинақтау жұмыстарын жүргізуге және ұйымдастыруғы, техникалық қондырғыларды және ғимараттарды пайдалану жұмыстарын жүргізуге және ұйымдастыруға, ғылыми зерттеу ұжымдарында жетекші мамандардың жетекшілігімен жұмыстар жүргізуге бағытталған.

Студенттер өндірістік тәжірибені «Мэйкер» Мехстройсервис ЖШС филиалында өтеді.

5В073100 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;

5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бакалаврлар дайындау «Ө.Ә. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ ҚР МК 08-2009: Сериясы АБ №0137384 классификаторына кіргізілген мамандық лицензиясына, әрекет ету мерзімі – мерзімі шектеусіз, берілген күні 3.02.2010 жыл, 03.02.2010ж. ККСОН ҚР БҒМ № 0137384 бұйрығы, және университет Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші түлекке 5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы білім беру бағдарламасының мақсаттары:

- «Қазақмыс» корпорациясының өнеркәсіп кәсіпорындары және Ө.Ә. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті орналасқан Қазақстанның Орталық аймағын индустриалды-инновациялық дамытудың жалпы стратегиялық бағыттарына, БМЖМС талаптарына сәйкес келуі;

- әскери-өнеркәсіп кешенін, индустрия, ауыл және коммуналды шаруашылықтарын, өндіріс және тұтыну салаларын, тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайдағы қорғау, экологиялық қызметтер саласындағы мемлекеттік органдарды кіргізе отырып, экономика салаларын мамандармен қамтамасыз ету.

- білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және жаңарту, білім сапасын тәуелсіз бақылау және кафедраны бағыттар бойынша даярлаудың тиісті біліктілігін беру бойынша кәсіптік қауымдастықтармен және қоғамдастықтармен өзара әрекеттің тиімді әрекет ететін механизмдерін дамыту;

- оқуға және өмірінің барлық кезеңінде үздіксіз білімге бағдарланған отандық және халықаралық еңбек нарықтарында кәсіптік талап етілген Қазақстан қоғамының шоғырлануына ықпал ететін еркін, табиғи сау, рухани бай, адамгершілік жеке басты қалыптастыру.

5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша техника және технология бакалаврларын дайындаудың білім беру бағдарламаларының алға қойған мақсаттарына жету үшін төмендегідей міндеттер қалыптастырылған:

- кәсіптік қызмет саласында инженерлік мәселелерді шешу жолдарын көруге, талдауға және табуға мүмкіндік беретін оқылатын білімдермен, меңгерулермен, дағдылармен және құзыреттермен қамтамасыз ету;

- этика тәртібі, кәсіпқойлық және табиғат ресурстарын экологиялық жауапты пайдалану идеалдарын қолдай отырып, қоғамды, тарихты, мемлекеттік тілді және басқа шет тілдерін әлеуметтік-экономикалық дамыту заңдары негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білім беру.

- түлектермен қажетті кәсіптік құзыретті алу.

Кәсіптік қызмет түрлері:

Бакалаврдың кәсіптік қызметі саласы әскери-өнеркісіп кешенін, индустрияны, ауыл және коммуналдық шаруашылықтарды, өндіріс және тұтыну салаларын, тіршілік әрекеті қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғау, экологиялық қызметтер салаларын кіргізе отырып, экономиканың барлық салалары болып табылады.

Бакалаврлардың кәсіптік қызметі объектілері табиғат құрайтын, техногенді, әлеуметтік, ақпарат жүйелеріне және олардың компоненттеріне әсер ететін кәсіпорындар және ұйымдар; су, жер, биотикалық және өзге ресурстар; тіршілік әрекеті қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын факторлар; технологиялық жүйелерді, желілерді әзірлеумен, енгізумен және пайдаланумен және төтенше жағдайларда қорғаумен айналысатын; өрт, экологиялық, химиялық, радиациялық және басқа қауіптерді болдырмауға мүмкіндік беретін, жобалау-іздестіру институттары, бюро, фирмалар және т.с.с.меншіктің әртүрлі нысандары болып табылады.

Бакалаврлардың кәсіптік қызметінің мәні тіршілік әрекеті қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларда қорғауды қамтамасыз ететін инженерлік құрылыстар, жабдық, ақпарат жүйелері және бағдарлама өнімдері болып табылады. «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандықтарының студенттері “Қазақмыс” корпорациясы құрылымдары, «Жезқазғантүстімет» ӨБ, «Жәйрем кен-байыту комбинаты» АҚ, «Балқаштүстімет» АжБ және кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтеді, бұл кезде студенттер жұмысшы мамандықтарын игереді.

  • platonus kartinka
  • Bolashak
  • site prezidenta kazakhstana 0
  • Ministerstvo Obrazovanie RK
  • Elektronnoe Pravitelsto Kazakhstana
  • fin logotip ru
zoofirma.ru