Печать
PDF

Abiev

Құрметтi Бауыржан Қозғанбайұлы!

Сізді Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетiнің ұжымы атынан және өз атымнан келіп жеткен асқаралы 60 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Жоғары оқу орнын тәмамдап, еңбек жолыңызды жоғары білім беру ордасы, қасиетті қара шаңырақ Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде бастадыңыз. Кафедра меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор қызметтерінде болып, соңғы 6 жылда университеттің гуманитарлық-педагогтік институтына абыроймен басшылық етіп келесіз. Сіз осы жылдары өзіңізді жауапкершілікті сезіне білетін, терең білімді, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті және кәсіби деңгейі жоғары адам ретінде таныта білдіңіз.
Туған жерге, қасиетті Ұлытау топырағына деген шексіз махаббатыңыз бен құрметіңізді студент жастар да ризашылықпен атайды.
​ Жезқазған жұртшылығы Сізді әуесқой сазгер, әнші ретінде таниды. Жүректен шыққан жырларыңыз да өз тыңдармандарын тапқан. Шығармашылық адамының шын бақыты да осы.

Қадірлі Бауыржан Қозғанбайұлы !

Адам өмірінің асқаралы биігі – 60 жасқа келген Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке, ырзық тілейміз! Әрқашанда халық ықыласына бөлене беріңіз, абыройыңыз биіктей берсін!

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетiнің ұжымы және ректоры Ә.А.Тәкішев