Печать
PDF

 18 қараша 2017 жылыӨ.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетінде Аламан бәйгесі барысында «Ұрпақ үні» дебат клубының ұйымдастыруымен  Дебат ойыны өтті.

2     1

      Тау-кен технологиялық және Гуманитарлы-педагогикалық институттарының бірінші курс студенттерінен құралған 5 құрама топ ойынға қатысты.

Олар:

«Парасат»

«Ақиқат фракциясы»

«Арман жолында»

«Болашаққа шексіздік»

«Жастар жаңғырығы»

   Университет ішілік «Ұрпақ үні» дебат клубының мүшелерінен әділ қазы мүшелері ретінде бас төреші  Ғылым бөлімінің басшысы Сүлейменов Ақансері Жанболатұлы,   ЖезУ-дің «Алтын спикер» атағының иегері Әбділдә Бақыткелді,  Жезқазған аймағының Серпіннің бас тарханы Құттыбай Қуаныш және болды. Іріктеу және жартылай финал ойындарының тақырыбы - «Серпіннің ел экономикасына пайдасы бар ма?», финалдық ойынның тақырыбы:  –  «Бала мамандық таңдауда оған ата-анасы әсер еткені дұрыс па?»

4   5   6

    Ойын АПФ бойынша өтті және 3 орын тағайындалып, үздік бір спикер таңдалынды.

3 орын – «Ақиқат фракциясы»

2 орын – «Болашаққа шексіздік»

1 орын – «Арман жолында»

Үздік спикер – Бекболатова Дания

zoofirma.ru