Печать
PDF

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар

                                               poslanie 1

                                  

                                  

 

 

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті ұжымында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы тыңдалып, талқыланды. Кездесуге университет ректоры Ә.А.Тәкішев, ТКжМ кафедрасының профессоры Н.А.Жайсаңбаев, кәсіподақ комитетінің төрағасы, ГПИ директоры Б.К.Абиев, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі С.Н.Саменова, «Серпін іскерлер» бірлестігінің сардары Қ.Құттыбай қатысты. Кездесу барысында елбасы жолдауы талқыланып, сұрақтар қойылды.

                                                             poslanie 2

«Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз»- Елбасымыз осы бағыттағы бес негізгі басымдығының төртінші басымдығы – адами капитал сапасын жақсарту. Осы басымдықта «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттігін» нақты көрсетіп отыр.

                                                            poslanie 3

Жолдаудың бесінші басымдығында қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы екендігін көріп отырмыз. Осы жағдайда өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасай отырып, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керектігі сөзсіз.

 

Елбасының бастамасы бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, Елбасы айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек. Осы бағытта студенттеріміз өз оқу орнында, қоршаған ортасында азаматтық патриоттық, рухани-адамгершілік және кәсіби шығармашылық тәрбиесімен сусындап отыруы қажет.

 

  • platonus kartinka
  • Bolashak
  • site prezidenta kazakhstana 0
  • Ministerstvo Obrazovanie RK
  • Elektronnoe Pravitelsto Kazakhstana
  • fin logotip ru
zoofirma.ru