Печать
PDF

Казақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша

      Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының iргетасы 1989 жылы қаланды.  Қазақ КСР Халық ағарту министрлiгiнiң 31 шiлдедегi N02 – 13/637 Хатының негiзiнде Жезқазған өңiрiндегi жоғары оқу орындары тарихында тұңғыш рет қазақ тiлi мен әдебиетiн оқытуға бағыт ұстанған кафедра ашылды.

1996 жылы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедрасы Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті кафедрасы болып қайта құрылды. Қазақ тілі кафедрасын 2008 жылы Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті кафедрасы біріктіріліп, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы болып қайта құрылды.

2014 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына Орыс және шет тілдер кафедрасы біріктіріліп, Қазақ тілі мен әдебиеті Орыс және шет тілдер секциясымен кафедрасы болып құрылды.

Кафедрада  7 ғылым кандидаты, 1 ғылым магистрі, 1 аға оқытушы,  2 аға лаборант қызмет етеді.

 Кафедра төмендегідей мамандарды күндізгі, сырттай оқу нысандары бойынша даярлайды:

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

6М020500 – Филология мамандығы бойынша магистрлер.

Кафедраның 2016-2017 оқу жылындағы мақсаты мен міндеттері:

-         білім сапасын жетілдіру мақсатында оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын пайдалануды арттыру;

-         қашықтан оқыту технологиясын дамыту (екінші жоғары білім бойынша);

-         кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін оқу үдерісінде пайдалану;

-         білім сапасын бақылау; кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыру негізінде жоғары сапалы білім беру қызметінің деңгейін өсіруді қамтамасыз ету;

-         әдістемелік нұсқаулықтарды жақсарту негізінде білім беру қызметінің сапалылығын қамтамасыз ету. Оқу-әдістемелік кешендерді әдістемелік материалдармен толықтыру;

-         педагогикалық практиканың сапасын арттыру;

-         қызметкерлер мен студенттердің ғылыми біліктілігін арттыру негізінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, ғылыми семинарлар сапасын көтеру;

-         6М020500-Филология мамандығына жаңа элективті курстар енгізу;

         - тәрбиелік іс-шаралар (ашық кураторлық сағаттар, тәрбиелік әңгімелесулер, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану, көпшілік шаралар өткізу т.с.с.) ұйымдастыру негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру;

          - кәсіптік бағдар жұмыстарын жандандыру және ұйымдастыру;

          -  кафедраның материалдық-техникалық базасын дамыту, компьютерлік техникамен, жаңа үлгідегі ғылыми, оқу және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету.

 

  • platonus kartinka
  • Bolashak
  • site prezidenta kazakhstana 0
  • Ministerstvo Obrazovanie RK
  • Elektronnoe Pravitelsto Kazakhstana
  • fin logotip ru
zoofirma.ru