Басып шығару
PDF

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ОРТАЛЫҒЫ

Бастығы

Кенжебеков Арман Хуандыкович  

Байланыс туралы ақпарат:

Мекенжайы: 100600, Жезқазған қ., Алашахан даңғ., 1 Б (А ғимараты), 202А кабинеті
тел.: +77075718801

«Рухани жаңғыру» орталығының мақсаты:

Жезқазған университетінің қабырғасында құрылған «Рухани жаңғыру» орталығының мақсаты облыстық және республикалық кеңселермен тығыз байланыста жұмыс істеу үшін «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» президенттік бағдарламасының жобаларын насихаттау және іске асыру болып табылады.

«Рухани жаңғыру» орталығы қойылған мақсаттарды келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырады:

  • жоғары оқу орындармен және ғылыми мекемелермен ғылыми байланыстар мен қатынастарды реттеуге қатысу;
  • ғылыми-өндірістік бірлестіктермен, өнеркәсіптік мекемелермен, ғылыми ұйымдармен өндірістік келісімшарттарға қатысу;
  • халықаралық, республикалық және аймақтық гранттарға, конкурстарға және олимпиадаларға профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің үздік зерттеу жұмыстарын қатыстыруды ұйымдастыру;
  • университетте зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу;
  • ғылыми өндірістердің маркетингтік зерттеулерін жүргізуге қатысу;
  • ғылыми-техникалық өнімді өндіру және жаңа технологиялық жабдықтарды әзірлеу үшін тәжірибелік өндірістік базаларды әзірлеуге қатысу;
  • симпозиумдарға, семинарларға, ғылыми  конференцияларға қатысу;
  • барлық қызмет түрлері бойынша жартыжылдық және жылдық есептерді дайындауға қатысу;
  • университеттің ережелерін білу;
  • аталған нұсқаулықтың талаптарын, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау және өнеркәсіптік санитария талаптарының орындалуын сақтау; 
  • ұйымдастыру техникаларын пайдала білу.

«Рухани жаңғыру» орталығы қойылған мақсаттарды келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырады: 

  • семинарлар, ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
  • базалық жобаларды кеңейту;
  • еңбек ұйымдарының әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық жағдайларын жақсарту.

Функционалдық міндеттері:

  • талап етілетін орындарға ұсынылатын ақпараттарды университет тарапынан орындалуын бақылау;
  • президенттік бағдарламада сөз етілген алдағы жылдарға арналған міндеттер шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру;
  • «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасына сәйкес, бағдарлама аясында латын әліпбиіне көшу туралы ғалымдармен сұхбат және ұлттық комиссияға мүше болатын үміткерлерді ұсыну;
  • профессор-оқытушылар құрамын жаңа әліпбиді оқуға жұмылдыру;
  • «Жаңа гуманитарлық білім» тақырыбындағы оқулықтарды даярлау және презентация жасау.

Қызметкерлер тізімі:

бастығы

Кенжебеков Арман Хуандыкович

орталық маманы

Жуматай Нурай Ермекбайкызы