Басып шығару
PDF

22.11.19 ж. Жезқазған университетінің TED залында «Электр энергетика және еңбек қорғау» кафедрасының ұстаздарының жетекшілігімен дайындаған «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

000

Конференцияда кафедра студенттері және Жезқазған индустриалдыгуманитарлық колледжінің ЭҚЕ-21, 22 топтарының студенттері қатысты.

Конференция қатысушыларына құттықтау сөзі Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің ғылым және инновациялар орталығының бастығы, PhD докторы Байқоңыров Ерден Ғалымұлына берілді.

Конференцияның мақсаты ғылым мен білім беру индустриясындағы интеграциялау үрдістерін дамытып, сонымен қатар, жоғарғы оқу орындары мекемелеріндегі жаңаша ойлайтын интелектуалдық капитал мен инновациялық технологияны игерген жас ғалымдар арасында ой бөлісу.

001

Барлық конференция қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Ең үздік жұмыстар мадақтамалармен марапатталды: І-орын ТЭҚжҚОҚ-16-1 тобының студенті Өтен Назгүл, ІІ-орын ЭЭ-17-1 тобының студенті Байтен Бағлан, ІІІ-орын ТЭҚжҚОҚ-18-1 тобының студенті Серикбаева Мадина, ІV- орын АжБ-17-1 Мусаева Ирода.