Басып шығару
PDF

«ҚР білім берудің жаңартылған мазмұны: мәселелері, жетістіктері және даму перспективасы»

0210

2020 жылдың 8 қаңтарында Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Гуманитарлық-педагогтік институтының «Педагогика, психология және филология» кафедрасы Жезқазған-Ұлытау аймағындағы мектеп, лицей және колледж мұғалімдеріне арналған семинар ұйымдастырды.

Семинарға п.ғ.к., доцент З.Ж. Кашкинбаева, Жезқазған қаласындағы № 24 ОМ ағылшын тілінің жоғары санатты зерттеуші-мұғалімі А.А. Темирханова, п.ғ.к., доцент Р.Ш.Абитаева, педагогика магистрі Е.Ю. Дергунова, білім магистрлері Н.М. Федченко, А.Т. Амерсеилова, «ППжФ» кафедрасының магистранттары И.А. Ким, П.А.Ромаскевичтер қатысты. Семинар барысында онлайн-сөз сөйлеуге еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының мамандары да қатысты. Атап айтсақ,  Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің докторанты М.А.Балабекова, СДУ-дің аға оқытушысы С.А. Каримсаттар, PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің доценті Д.К. Курманаевалар.

a001

Семинар аясында келесі өзекті мәселелер талқыланды: «Білім беру жүйесінің жаңартылған мазмұнға көшуіне қысқаша шолу: мәселелері, жетістіктері және даму перспективалары», «Халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жетілдіру», «Сыни ойлау психологиясы», «Мектептер мен колледждердегі көптілділік және көпмәдениеттілік», «Оқушылардың әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша тренинг», «Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың уәждемесін арттыру тәсілдері».

Осы мәселелер бойынша қызу пікірталас болды. Әсіресе, мұғалімдер талқыланған мәселелердің тәжірибелік жағының қызығушылықтары басым болды. 

a002

Семинардың негізгі бөлігінен кейін шағын топтарда жұмыс жүргізілді. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттар мен «FORUM» оқыту әдістемесі бойынша америкалық журналдар алды.

Семинарға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Келесі кездескенше!

photo-gallery-icon