Басып шығару
PDF

2019 жылдың 24 желтоқсанында Гуманитарлық-педагогтік институтының «Педагогика, психология және филология» кафедрасына қарасты магистранттары, оқытушылары мен студенттері келе жатқан Жаңа 2020 жылға орай, «Christmas» іс-шарасын өткізді.

001

Іс-шараның барлық қатысушылары жаңа жылдық ертегі мен сиқырлық әлеміне енгендей болды. Іс-шара «Голубой огонек» стилінде безендірілді.

Мерекелік іс-шара «Snow White and Seven Dwarfs» («Ақ қыз және жеті ергежейлілер») атты театрландырылған көрініспен ашылды. Студенттер вокалдық және би номерлерін дайындады. 

002

Сонымен қатар, ағылшын және неміс тілдері бойынша тіл олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды. Барлық жеңімпаздарға номинациялар беріліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Педагогика, психология және филология» кафедрасы келе жатқан Жаңа 2020 жылда барлықтарыңызға бақыт, мықты денсаулық және амандық тілейді!!!