Басып шығару
PDF

2019 жылдың 20 желтоқсанында Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті «Қазіргі қоғамның трансформациясындағы инновацияның ролі» тақырыбында Халықаралық ХIX Байқоңыров оқуларын өткізді. 

0084

Пленарлық отырысты Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбділмәлік Арғынұлы Тәкішев ашты. Ректор өзінің кіріспе сөзінде конференция қонақтары мен қатысушыларын құттықтады.

Академик Ө. А. Байқоңыровтың қызы Әлия Өмірханқызы Байқоңырова конференцияға қонақ ретінде қатысып, әкесіне қатысты жылы естеліктерден тұратын баяндама жасады.

0098

Пленарлық отырыста практикалық құндылықтары бар баяндамалар тыңдалды.

Секциялық отырыстардың жұмыстары төмендегідей болды:

  1. «Өнеркәсіптік индустрия саласындағы әлемдік үдерістер»
  2. «Білім берудегі жаңа технологиялар және білікті мамандарды даярлау»
  3. «Қазақстан экономикасының стратегиялық дамуындағы тендециялар мен преспективалар».

Конференция жұмысына ҚР, жақын және алыс шет елдердің ЖОО профессорлары, оқытушылары, магистранттары мен колледждердің, мектептердің мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері қатысты. Барлығы – 82 баяндама ұсынылды. 

001

Ұсынылған мақалалар: Қ. Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университеті, Қытайдың орталық оңтүстік университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қарағанды, Жезқазған және Сәтбаев мектептері мен колледждері.

0213

Қорытынды отырыс барысында конференцияда ұсынылған тақырыпқа сәйкес мазмұнды баяндамалар жасағандары үшін баяндамашылар алғыс хаттармен марапатталды.

Халықаралық ХIX Байқоңыров оқуларының мақалалары (еңбектері) ғылыми еңбектердің жинағында жарық көрді. 

photo-gallery-icon