Басып шығару
PDF

Бітіруші топтардағы студенттермен ұйымдастырылған семинар

0014

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде арнайы бітіруші студенттер үшін әкімшілік және құқық қорғау қызметіне кіру мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Студенттермен түсіндіру жұмыстарын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы Н.О. Алина жүргізді.

001

Кездесуге ЖезУ-дің бітіруші топтардың студенттері қатысты.

Н.О. Алина мемлекеттік қызметке кіру процедуралары туралы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.