Басып шығару
PDF

Спорт фестивалі жалауын көтерді

a001

Университетімізде Тәуелсіздік күніне орай «Стартинейджеры» атты спорттық фестиваль басталды. Оған 7 кафедра мен әкімшілік-басқару персоналынан 8 құрама команда қатысты.

Фестивальдің ашылу салтанатында университет ректоры, т.ғ.д., профессор Әбділмәлік Тәкішев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

a002

Фестивальдің І айналымы «Кім жылдам?», «Кім ширақ?», «Капитандар сайысы», «Шаңғы», «Жұлдызды сәт» сияқты кезеңдерден тұрды.

І айналымның қорытындысы төмендегідей:

  1.  «Дарабоз» тобы («Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы) – 101 ұпай
  2. «Тұлпар» тобы («Биология және дене тәрбиесі» кафедрасы)– 92 ұпай
  3. «Арсениос» тобы («Физика, информатика және математика» кафедрасы)– 77 ұпай
  4. «Купрум» тобы («Тау кен ісі және металлургия» кафедрасы)– 75 ұпай
  5. «ППиФ» тобы («Педагогика, психология және филология» кафедрасы) – 75 ұпай
  6. «Энерджайз» тобы («Электр энергетикасы және еңбекті қорғау» кафедрасы) – 75 ұпай
  7. «Best Team» (әкімшілік-басқару персоналы) – 74 ұпай
  8. «Ұлытау» тобы («Технологиялық машиналар және құрылыс» кафедрасы) – 47 ұпай

a003

Жарыстың шешуші кезеңі және фестивальдің жабылуы 21 желтоқсан күні №5 оқу ғимаратында өтеді.