Басып шығару
PDF

«Kasip» кәсіби бағдар беру орталығының ашылуы

5057

Сәтбаев қаласында жастарға кәсіби бағдар беру бағытында Үйлестіру Кеңесі құрылып, «Kasip» кәсіби бағдар беру орталығы ашылды.

Университеттің оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректордың міндетін атқарушы, э.ғ.к. Үкібаева Гүлім Кабикенқызы Үйлестіру Кеңесіне мүше болып қабылданып, кеңестің алғашқы отырысына қатысты.

5064   2452

Кеншілер қаласы әкімінің қолдауымен құрылған Үйлестіру Кеңесі мен кәсіби бағдар беру орталығының мақсаты білім алушылардың кәсіби қызығушылығына, жеке қабілеттері мен ерекшеліктеріне сәйкес білім алудағы және кәсіби саладағы мүмкіндіктерді, мамандықты және оқу орнын еркін әрі саналы түрде таңдау құқықтарын іске асыруда ақпарат беру және консультациялық көмек көрсету.

Осы орайда Жезқазған университеті де кәсіби бағдар беру жұмысын жаңғыртып, кәсіби бағдар берудің жаңаша жолдарын енгізуге дайын. 

5066