Басып шығару
PDF

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Технологиялық машиналар және құрылыс» кафедрасында мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық кураторлық сағат өтті.

0022

«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбындағы мерекелік іс-шара ТТТиТ-17-1 (топ кураторы, аға оқытушы – С.А.Өтеген) және Стр-19-1 (топ кураторы, т.ғ.к., доцент – Оспанов А.Н.) топтарының ұйытқысымен ұйымдастырылды. Іс-шараға кафедраның ПОҚ-ы шақырылды.

001

Студенттер мерекенің тарихына шолу жасай отырып, патриоттық әндер айтты, өлеңдер оқыды.

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Хамитова қол жеткізген тәуелсіздік жастар үшін қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер туғызғанын атап өтті. Қазіргі таңда біздің еліміз үлкен мақсаттары бар, сенімді дамып келе жатқан мемлекет.