Басып шығару
PDF

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Физика, информатика және математика» кафедрасында пәндік олимпиада ұйымдастырылды: І кезең – 11 желтоқсан, ІІ кезең – 12 желтоқсан.

a001

Кафедраның аға оқытушысы А.А. Темірбекованың жетекшілігімен математикадан пәндік олимпиада өткізілді: І кезең – тест тапсыру және ІІ кезең – есептерді шығару.

Кафедраның доценті Ж.К. Жансеитованың жетекшілігімен физикадан пәндік олимпиада өтті, онда да бірінші кезеңде қатысушыларға тест, екінші кезеңде есептерді шешу ұсынылды. 

a002

Кафедраның аға оқытушысы Л.К. Кульсеитованың жетекшілігімен информатикадан пәндік олимпиада өтті.

Бірінші кезең онлайн тестілеу форматында өтті, екінші кезеңде қатысушыларға С++,  Python және т.б. бағдарламалау тілдерінде бағдарламалар жасауға тапсырмалар берілді. Ерекше білімдерімен ерекшеленген Инф-17-1 тобының студенттерін атауға болады: А.Қанатбекова, А.Қырғызбай, А.Агджигитова.

Өткізілген пәндік олимпиада қорытындысы бойынша комиссия студенттерді математика, физика және информатика пәндері бойынша республикалық олимпиадаларға қатысуға ұсынды.