Басып шығару
PDF

logo2           variant-4-2

«Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ жаңа технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасын қамтамасыз ету үдерістерін жетілдіру мақсатында Erasmus+бағдарламасы аясында «KUTEL» жаңа жобасына қатысады.

Жобаның атауы: Қазақстанның университеттері оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сапаны қамтамасыз ету үдерістерін жетілдіруде

Жобаның аббревиатурасы: KUTEL

Мерзімі: 3 жыл

Бюджеті: 1.000.000 евро

Жобаның координаторы: Гульельмо Маркони университеті (Рим, Италия)

Басымдылығы: Жоғары оқу орындарын басқару және басқару саясатын жаңғырту. Жоғары оқу орындарын басқаруды және олардың жұмыс істеуін жақсарту. Сапаны қамтамасыз ету үдерістері мен механизмдері.

Мақсатты мемлекет: Қазақстан

Мақсаты: Жоба қазақстандық жоғары оқу орындарында технологияларды (TeL) пайдалана отырып, оқытудың сапасы мен өзектілігін арттыруға және жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіне енгізуге бағытталған. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық деңгейде TEL курстары мен оқу бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету үшін аккредиттеу стандарттарын, басшылық принциптері мен рәсімдерді жақсарту, әзірлеу және енгізу.

Нақты мақсаттар:

Қазақстандық университеттердегі ЕО тәжірибесіне сәйкес, технологияларды тереңдетіп оқытатын оқыту бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету үшін аккредиттеу стандарттарын, басшылық принциптері мен рәсімдерді жетілдіру, әзірлеу және енгізу; қазақстандық университеттердегі ЖОО деңгейінде TEL сапасын қамтамасыз ету және электрондық оқыту әдіснамасын жақсарту үшін негіз жасау; TEL бағдарламаларын аккредиттеу мен бағалауға жауапты жоғары оқу орындарының тиісті мүшелерін және мемлекеттік органдарды оқытуды қамтамасыз ету.

KUTEL бағдарламасының серіктестері:

Гульельмо Маркони университеті; Бургас еркін университеті; Турку университеті; Грек ашық университетінің зерттеу қорлары үшін арнайы шот; Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті; Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті; Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті; Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты; Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті; ҚР БжҒМ; ТАРА; «Ұлт көшбасшының жастар ұйымы» қоғамдық қоры (ҚОР); «Алматы энергетика және байланыс университеті» ҰАҚ; Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті.

Жобаға қатысушылардың алғашқы кеңесі – 2019 ж. 25-26 ақпанда

KUTEL жобасының ресми сайты - https://www.kutel-project.eu/