Басып шығару
PDF

ЭРАЗМУС+ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ 

Эразмус+ – білім беру, оқыту, спорт, ынтымақтастық және жастар саясаты саласындағы академиялық ұтқырлықты қолдауға бағытталған Еуропалық Одақтың 2014-2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы.

Бұл бағдарлама білім беру жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға одан әрі жәрдемдесуге, жастар саясаты мен спортты дамытуды қолдауға, сондай-ақ дағдыларды жетілдіруге және адамдарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жақсартуға бағытталған. Эразмус+ адам әлеуетін дамытуға инвестицияларды едәуір ұлғайтуды көздейді.

Қазіргі уақытта студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығы жоғары білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, ол университеттердің дамуына мүмкіндік береді, жоғары білім беру жүйесін реформалаудың, оқыту бағдарламаларын салыстыру мен жаңартудың, сондай-ақ халықаралық және студенттік қызметтердің қызметін жетілдірудің катализаторы болып табылады.

Ұтқырлық студенттер үшін де, профессорлық-оқытушылық құрам үшін де, жоғары оқу орындарының әкімшілік қызметкерлері үшін де маңызды. Олар серіктес-университеттер арасындағы ұтқырлық туралы екіжақты келісімдер аясында жүзеге асырылатын қысқа мерзімді ұтқырлыққа қатыса алады.

Студенттердің ұтқырлықтары: ұзақтығы 3 айдан 12 айға дейін (максимум).

Оқытушылар мен университеттің басқа да қызметкерлерінің оқыту немесе тағылымдамадан өту ұтқырлықтары: ұзақтығы 5 күннен 2 айға дейін (максималды түрде жолға кеткен уақытты қоспағанда).

Қызметкерлерге арналған грант жол шығындары (ұтқырлық басталғанға дейін бір күн, ұтқырлықтан кейін бір күн), сынақ бірліктері есепке алына отырып (осыдан жалпы атауы – CreditMobility), қамтылуы мүмкін: ұзақтығы – оқытудың әрбір кезеңінде 3 айдан 12 айға дейін (максималды түрде).

ERASMUS kz

ERASMUS+ бағдарламасының негізгі сипаттамалары

Халықаралық кредиттік ұтқырлықалықаралық кредиттік ұтқырлық