Басып шығару
PDF

БОЛОН ҮДЕРІСІ

Болон үдерісі – жоғары білімнің бірыңғай Еуропалық кеңістігін құру мақсатында Болон келісімі шеңберінде Еуропа елдерінің білім беру жүйесін жақындастыру және үйлестіру үдерісі болып табылады.

Болон үдерісі – Еуропадағы жоғары білімнің тарихындағы ең терең және ауқымды құрылымдық реформа. Оның бастауы 1999 жылы Болонье қаласындағы Болон декларациясына (Болон үдерісін қараңыз) қол қойылудан басталады.  

Болон үдерісінің міндетті параметрлері:

  • жоғары білім берудің үш деңгейлі жүйесі;
  • ECTS академиялық кредиттері;
  • ЖОО студенттерінің, оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлерінің академиялық ұтқырлықтары;
  • дипломға еуропалық қосымша;
  • жоғары білім сапасын бақылау;
  • бірыңғай еуропалық зерттеу кеңістігін құру.

Болон үдерісінің ұсынатын параметрлері:

  • бірыңғай еуропалық бағалар;
  • студенттердің белсенділігі;
  • аз қамтылған студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету;
  • өмір бойы білім алу;

Болон үдерісінің факультативтік параметрлері:

  • дайындық бағыттары бойынша білім мазмұнын үйлестіру;
  • таңдау курстары бойынша студенттерді оқыту траекториялары;
  • модульдік жүйе;
  • қашықтықтан оқыту, электронды курстар;
  • студенттер мен оқытушылардың академиялық рейтингтері.

Реформаларды жүзеге асыру әр екі жыл сайын өткізілетін жоғары білім алуға жауапты министрлердің конференцияларының коммюникесіне сәйкес жүзеге асырылады:

arrow2001 ж., 18-19 мамыр – Прага. Прага коммюникесі

Прага конференциясында Болон декларациясында белгіленген Болон үдерісін дамытудың алты негізгі бағыттарымен қатар ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қаралды.

arrow2003 ж., 18-19 қыркүйек – Берлин. Берлин коммюникесі

Берлин конференциясы Болон үдерісін дамытудың жаңа желісі ретінде еуропалық зерттеу кеңістігін құруға және оның еуропалық жоғары білім кеңістігімен (ЕЖБК) өзара іс-қимылына күш-жігерді бағыттау туралы шешім қабылдады. Бірінші және екінші циклдар дәрежелері әртүрлі бағдар мен профильдер болуы тиіс екендігі атап өтілді. Жоғары білім туралы құжаттардың ұтқырлығын кеңейту және танылуын жеңілдету мақсатында 2005 жылдан бастап еуропалық жоғары оқу орындарының түлектеріне дипломға қосымша беру мақсаты қойылды.

arrow2005 ж., 19-20 мамыр – Берген. Берген коммюникесі

Берген конференциясында ЕЖБК үшін біліктіліктің түгел қамтитын құрылымы қабылданды, ол үш циклді (соның ішінде ұлттық контексттерде аралық біліктіліктер рұқсат етілді), яғни оқыту нәтижелері мен құзыреттер негізінде әрбір цикл үшін әмбебап дискрипторлар, сондай-ақ бірінші және екінші циклдер үшін сынақ бірліктерінің диапазоны қамтыды. 2010 жылға қарай ЕЖБК үшін біліктіліктің бәрін қамтитын құрылымымен үйлесімді біліктіліктің ұлттық құрылымдарын құру міндеттемесі қабылданды. Бергенде Ұлттық сараптама негізінде сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің Еуропалық тіркелімінің идеясы мақұлданды. Жоғары білім беру жүйесіндегі әлеуметтік өлшем мәселесіне назар аударылды. Атап айтсақ, жоғары білімге қол жеткізуді кеңейту, студенттерге оқу үдерісінде әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету, оларға Үкімет пен ЖОО тарапынан көмек көрсету.

arrow2007 ж., 17-18 мамыр – Лондон. Лондонс коммюникесі

Лондон конференциясында ЕЖБК құру жолындағы ілгерілеу байқалды. Маңызды жетістік – оқытушы жіберген оқудан бастап, студенттікорталықтандырылған жоғары білімге көшу болып табылады. Болон үдерісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша қорытынды жасалды және 2009 жылға басымдықтар белгіленді: мобильділік, әлеуметтік өлшеу, жұмысқа орналасу, жаһандық контексте ЕЖБК стратегиясын іске асыру.

arrow2009 ж., 28-29 сәуір – Левен/Лувенла-Нев. Лёвен коммюникесі

Қорытынды жасай отырып, жоғары білім беруге жауапты министрлер Левене/Лувен-ла-Невада өткен конференцияда: «Соңғы он жылда біз еуропалық жоғары білім кеңістігін қалыптастырдық. Ол Еуропаның зияткерлік, ғылыми және мәдени мұралары мен ұмтылыстарында берік орнығуына қол жеткіздік»,-деп мәлімдеді.

arrow2012 ж., 25-26 сәуірБухарест. Бухарест коммюникесі

Бухарест конференциясында жоғары білім беруге жауапты министрлер экономикалық дағдарыс жағдайында үш негізгі мақсатқа назар аударуды шешті: студенттердің жоғары білім сапасын қамтамасыз ету, оқушыларды еңбек дағдыларына жақсы дайындау, студенттердің ұтқырлықтарын арттыру.

47 ел белгілі бір мақсатта ұтқырлықты арттыру үшін жаңа еуропалық стратегияны қабылдады. Бұл 2020 жылы Еуропадағы түлектердің кем дегенде 20 пайызы шетелде оқуы немесе тағылымдамадан өтуі тиіс дегенді білдіреді.

Сонымен қатар, конференция аясында Болон үдерісі саясатының «Болон үдерісінен тыс: жоғары білімнің ұлттық, аймақтық және жаһандық салаларын құру және біріктіру» тақырыбында үшінші форумы өтті.

arrow2015 ж., 14-15 мамыр – Ереван. Ереван коммюникесі

Ереванда жоғары білімнің Еуропалық кеңістігі елдерінің министрлерінің тоғызыншы конференциясымен біріктірілген төртінші Болон саяси форумы өтті. Форум қорытындысы бойынша министрлер конференциясының еревандық коммюникесі және төртінші Болон саяси форумының Декларациясы қабылданды.

arrow2018 ж., 24-25 мамыр – Париж. Париж коммюникесі

Париж конференциясы болашақ жоғары білім беру үшін елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндігіне ие болды. Коммюникеде іргелі құндылықтарды, әсіресе демократияны жүзеге асыруды жақсарту қажеттілігі атап өтілді, өйткені жоғары білім беру стандарттары бейбітшілік пен еркіндік ұғымдарын береді.

Кездесу Париж коммюникесін және V Болон саяси форумының мәлімдемесін қабылдаумен аяқталды. Сондай-ақ, 2020 жылы ЕЖБК министрлерінің келесі конференциясы өтетіндігі және Болон үдерісінің хатшылығын Италия басқаратындығы туралы хабарландырылды.