Басып шығару
PDF

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті студентінің

ар-намыс кодексі

ЖезУ студенті осы Кодекстің нормаларын жауапкершілікпен қабылдауға және оларды ұстануға міндетті. ЖезУ студенті оқуға және білімді бақылаудың барлық түрлеріне адал қарап, қабылданған оқу стандарттарын сақтауға міндеттеледі.

ЖезУ студентіне тыйым салынады:

  • емтихан тапсыру, тапсырмаларды орындау немесе жазбаша жұмыстарды қорғау және аралық немесе қорытынды бақылаудың басқа да рәсімдерінен өту кезінде көмек алуға, оны пайдалануға, көмек көрсетуге;
  • бақылау жұмыстарын, рефераттарды орындау, жазбаша емтихандарды тапсыру кезінде өз еңбегінің нәтижесі ретінде біреудің жұмысын ұсынуға (web-дереккөздерін, ғаламтор немесе басқа да электронды дереккөздерін қоса алғанда);
  • себепсіз сабақтан қалуға және кешігуге;
  • сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануға, тиісті техниканы пайдалана отырып ойындар ойнауға және музыка тыңдауға;
  • университет аумағында, сондай-ақ оқудан тыс жерлерде есірткі құралдарын, алкогольді ішімдіктерді қолдануға.

ЖезУ студенті міндетті:

  • университет аумағында қызметті жүзеге асыру кезінде немесе университет атынан өткізілетін іс-шараларда саяси әдептілікті сақтауға;
  • студенттік этика нормаларын және басқа студенттермен қарым-қатынас кезінде іскерлік тәртіп ережелерін сақтауға;
  • басқа халықтардың салт-дәстүрлеріне төзімділікпен қарап, құрмет көрсетуге, әртүрлі этностық, әлеуметтік топтар мен діни конфессиялардың мәдени және өзге де ерекшеліктерін ескеруге;
  • университет мүлкінің сақталуына қамқорлық жасауға және вандализм көріністеріне жол бермеуге.

ЖатақханадатұратынЖезУ студенттері көршілерімен тату болып,басқа тұрғындармен және әкімшіліктермен жанжалдан аулақ болуға, жоғары академиялық мәдениетті сақтап, қауымдастықтағы сенім мен өзара сыйластық ахуалын қолдауға қамқорлық жасауға, туындаған қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге ұмтылуға, басқа студенттерге қатысты зорлық-зомбылықты қолдануға жол бермеулері тиіс.

ЖезУ студенттері осы Кодекстің ережелерін бұзуға байланысты жағдайларды талдауға қатысуға құқылы. Институттардағы студенттік өзін-өзі басқару органдары өз қалауы бойынша осы Кодекстің ережелерін бұзушыларға моральдық жазалар қолдануға құқылы. Атап айтсақ, көпшілік алдында айып тағу, студенттік өзін-өзі басқару қызметіне қатысу құқығынан уақытша айыру. Студенттік өзін-өзі басқару органдарының мұндай жазаларын қолдану туралы мәселелер әрбір институтта өз бетінше қарастырылып, шешіледі

arrow ЖезУ студенттерінің академиялық ар-намыс кодексі