Басып шығару
PDF

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті Сарыарқаның жүрегі болып есептелінетін шексіз Жезқазған аймағындағы білім, ғылым және мәдениет орталығы болып табылады. Университеттің басты міндеті – әрбір жас адамға қоғамның қажеттіліктері мен қабілетіне сәйкес сапалы білім беру, еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

2010 жылы Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойып, біздің ЖОО әлемнің басқа жетекші оқу орындарымен қатар халықаралық білім беру кеңістігіне енді.

Университетте 2 институт (гуманитарлық-педагогтік институт, тау-кен-технологиялық институт) бар. Олар бакалавриаттың 25 мамандығы және магистратураның 3 мамандығы бойынша кадрлар даярлайды.

Жезқазған университетінің жоғары кәсіби ғылыми және педагогикалық кадрлары бар.

Университетте 10 бөлім, Ғылыми кеңес және ректорат жұмыс істейді. Олар оқу-тәрбие үдерісінде ЖОО-ның стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруды, ғылыми-зерттеу даму бағдарламасын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне жауап беретін әлемдік деңгейде маңызды техникалық және білім беру жобаларын қолдауды қамтамасыз етеді.

2003 жылдан бастап «Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ жанынан Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі ашылды, «Дарын» лицей-сыныбы жұмыс істейді (1999 ж.).

Жергілікті мемлекеттік құрылымдарда, басқару органдарында, «Қазақмыс» корпорациясында, ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындарында, мекемелерде студенттердің кәсіптік, өндірістік тәжірибеден өтуі үшін барлық жағдайлар жасалған. 50 жылдық тарихы бар оқу орнының жемісті қызметінің дәлелі 40 мыңнан астам маман сапалы білім алып, егеменді мемлекеттің игілігі үшін еңбек етуде, сонымен қатар бүкіл әлемдегі кәсіпорындар мен ұйымдарда табысты жұмыс істеуде.

Жезқазған университеті жоспарлы түрде келесі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді: Жезқазған өңірінің экологиялық мәселелерін зерттеу, өндіріске жаңа технологияларды енгізу, Жезқазған өңірінің этномәдени, этнопедагогикалық және тарихи-мәдени дамуы, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер және т.б.

Университет студенттері республикалық студенттік олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға қатысады.

Университетте тәрбие жұмысының тұжырымдамасы қабылданған. Тұжырымдаманы іске асыру үшін келесі бағыттар бойынша іс-шаралар өткізіледі: студенттерді қоғамдық-құқықтық және саяси тәрбиелеу, патриоттық және интернационалдық тәрбие, мәдени-эстетикалық дамыту, сондай-ақ студенттерді этномәдени тәрбиелеу. Жатақханада студенттермен жұмыс жүргізіледі, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың әр түрін дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады.

ЖезУ-де студенттерді әлеуметтік қорғау бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Университет әкімшілігі тарапынан университеттің ПОҚ және қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша тұрақты жүйе құрылған. Студенттер мен қызметкерлерге материалдық көмек көрсетіледі, бұқаралық спорттық-мәдени іс-шараларды өткізуге қаражат бөлінеді. ЖезУ ректоры атаулы шәкіртақы мен оқуға қатысты қосымша гранттарға қаражат бөледі.

Халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес, 2003-2004 оқу жылдарында бакалаврлар мен магистрлерді даярлайтын кредиттік оқу жүйесі, 2012 жылы арақашықтықтан оқыту технологиясы енгізілді. 

Мамандарды даярлау барысында оқытудың заманауи ақпараттық технологиялары енгізілген, компьютерленген оқу-зертханалық кешені құрылған. Университетте оқу-зерттеу және қолданбалы компьютерлік бағдарламалары қолданылады.

 

Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіне

қош келдіңіздер!