Басып шығару
PDF

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

Бастығы

 Укибаева Гулим Кабикеновна

Байланыс туралы ақпарат:

Мекенжайы: 100600, Жезқазған қ., Алашахан даңғ., 1 Б (А ғимараты), 307 кабинет

Tел.: 8 (7102) 736-781 (ішкі номер: 124)

e-mail:  Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

Оқу-әдістемелік орталығының мақсаты:

ЖезУ-дің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру үшін университеттің қызметін және білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік тұрғыдан басқару және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін оқу-әдістемелік үдерісті ұйымдастыру, университеттің саясаты мен мақсаттарын, сапа саласындағы оқу-әдістемелік орталықтың мақсаттарын жүзеге асыру.

ОӘО алға қойылған мақсаттарды келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырады:

  • сапа саласындағы ЖезУ-дің саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру;
  • ЖезУ-дің сапа менеджмент жүйесінің талаптарын орындау;
  • сапа саласындағы ОӘО-ның мақсаттарын жүзеге асыру;
  • білім беру қызметіндегі маңызды циклдардың сатыларын іске асыру;
  • ұйымдастыру-басқару;
  • студенттердің практикаларын ұйымдастыру;
  • білім беру қызметтері мен ОӘО қызметінің үдерістеріне мониторинг жүргізу, өлшеу, талдау және үнемі жақсарту.

ОӘО қойылған мақсаттарды келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырады:

  • оқу-әдістемелік үдерістерді жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету; 
  • сабақтардың сапалы өткізілуін және студенттердің практикалық тұрғыдан дайындықтарын қадағалау;
  • Ғылыми кеңестің шешімдерін және университетке бекітілген мамандықтар бойынша университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің ұсынымдарын жүзеге асыру;
  • университет түлектеріне жұмыс берушілермен ынтымақтастық мәселелерінде қызмет аясын кеңейту және әлеуметтік қорғауды ескере отырып, оларды жұмысқа орналастыру туралы келісімшарт жасау арқылы өңірдің еңбек нарығында мамандық бойынша жұмыс таңдауға көмек көрсету;
  • оқу үдерісінің ұйымдастырушылық, техникалық, әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша институттардың, кафедралар мен бөлімшелердің жұмыстарын үйлестіру.

Функционалдық міндеттері:

  • СМЖ құжаттарының талаптарына сәйкес үдерістер мен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету;
  • ОӘО-де СМЖ-ныңқолданылуын қамтамасыз ету;
  • жұмыс оқу жоспарларының әзірленуін ұйымдастыру және бақылау, олардың орындалуын қадағалау;
  • оқу сабақтарының кестелері мен емтихан сессияларын белгіленген тәртіпте жасау жәнемерзімінде бекітуге ұсыну бойынша жұмысты бақылау;
  • бітіруші мемлекеттік емтихандарды қабылдау үшін МАК төрағаларын, мүшелерін тағайындау туралы бұйрықтардың уақтылы дайындалуын бақылау;
  • ҚР БжҒМ-ге бітіруші мамандықтар (4, 5 курстар) бойынша МАК есебі мен Қазақстан тарихы бойынша МЕ есептерін мерзімінде өткізілуін қадағалау;  
  • дипломдарды жазу;
  • кафедралар мен институттарға арналған бланк құжаттарының дайындалуын бақылау;
  • тіркеу бөлімінің (ТБ) қызметін бақылау: білім алушыларды пәндерге тіркеу, студенттердің оқу жетістіктерін тіркеу, үлгерімдеріне мониторинг жүргізу;
  • университеттің кафедраларымен, ОӘК және бөлімшелерімен ОӘО қызметін үйлестіру;
  • студенттерді ауыстыру, қайта қабылдау, академиялық демалыс беру, студенттерді оқудан шығару және жеке оқу кестесіне студенттердің ұсыныстарын қарастыру;
  • оқулықтар мен ОӘӨ-ні басып шығару жұмыстарын ұйымдастыру;
  • кафедралардың әдістемелік жұмысытарына мониторинг жүргізу, кемшіліктерді анықтау, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • кафедралардағы оқу жүктемелердің дұрыс есептелуіне бақылау жүргізу;
  • кітапханамен бірлесе отырып, оқу үдерісін оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
  • практикалардың өткізілуін қадағалау: келісімшарттарды жасау және бекіту, студенттерді практика базаларына бөлу, ТҚ, орналасу және қорытынды конференцияларын өткізу;
  • студенттерді іссапарға жіберу, көтермелеу және жазалау туралы бұйрықтарды дайындау;
  • аудару, қалпына келтіру, аудару, есепке алу мәселелері бойынша азаматтармен хат алмасу;
  • оқу формасы бойынша студенттердің есебін жүргізу;
  • институт директорларының ұсыныстары бойынша студенттерге шәкіртақылар тағайындау бойынша бұйрық дайындау;
  • студенттердің жеке істерін жинақтау және сақтау;
  • анықтамалар мен мұрағаттық құжаттарды беру және оларды тіркеу;
  • аудандық және қалалық әскери комиссариаттарға № 26 нысанындағы анықтама беру;
  • күндізгі оқу бөліміндегі әскерге шақырылғандарды және әскери міндетті студенттерді есепке алу; 
  • Т-2 формасының толтырылуы;
  • студенттердің үлгерімдері туралы мәліметтер жинақтау;
  • университет оқытушыларының педагогикалық жүктемелерінің орындауы туралы мәліметтерді жинақтау;
  • 3НК, №34 есепті жасау;
  • СМЖ-ға қатысты стандарттардың талаптарын сақтау;
  • жаңа білім беру технологияларын енгізу және дамыту;
  • білім беру технологиялары бойынша тәжірибе алмасу үшін басқа жоғары оқу орындармен ынтымақтастық орнату;
  • бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жауапкершілікпен қарау;
  • орталықтың басқа құрылымдық бөлімшелермен оңтайлы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
  • университеттің институттарында «Түлектер жәрмеңкесін», дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
  • жұмыс іздеу дағдыларын оқыту бойынша бітірушілер үшін жұмыс берушілердің өкілдерімен, жұмыспен қамту бөлімдерімен семинар-тренингтер, практикалық сабақтар ұйымдастыру және өткізу;
  • жас мамандардың әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын ескере отырып, жұмысқа орналастыру бойынша келісімшарт жасауға қатысу;
  • аймақ бойынша университет түлектерінің сұраныстарын, ұсыныстарын талдау, болжау;
  • ҚР БжҒМ-не есептік құжаттамалар мен ағымдағы жедел ақпараттарды дайындау;
  • ОӘО-ге бекітілген жабдықтарды, мүліктерді сақтау, ОӘО құжаттамаларын есепке алу және сақтау.

Қызметкерлердің тізімі:

Бастығы

Г.К.Укибаева

Бастықтың орынбасары

Ж.Ш.Абдикамалова

«Карьера» бөлімінің маманы

Р.К.Кожибаева

Студенттік сектордың меңгерушісі

Г.К.Кусаинова

Жоспарлау бойынша маман

М.Ж.Ташимова

 «Платон» ААЖ бақылау бойынша инженер-программист

Г.А.Ержанова

Сайт маманы-редактор

Н.А.Есильбаева