Басып шығару
PDF

Кітаптар қоры

Жезқазған университетінің кітапханалық-ақпараттық қоры, 2 оқу ғимаратында орналасқан. Бұл – оқырмандарға, оқытушылар мен студенттерге ыңғайлы, ауданы – 825 м2 құрайды.

Ресми, анықтамалық-библиографиялық және мерзімді басылымдарды қамтитын кітапхананың жалпы кітап қоры – 320 889 дананы құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілде – 123 907 дана, шет тілінде – 9 233 дана.

Электрондық оқулықтар мен құралдар қоры – 6 230 дананы құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілде – 3 055 дана.

РЖЭК-қа (Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапханаға) қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Кітап қоймасының ауданы – 473,9 м2 құрайды.

Абонемент – 103,8 м2.  

Ғылыми және мерзімді басылымдар залының, 3 оқу залы мен 3 электрондық оқу залының ауданы – 247,3 м2.  Оқу залдарындағы орын саны – 194.

Кітап қорының негізін ЖОО-ның негізгі мамандықтары бойынша оқулықтар мен оқу құралдары құрайды. Сонымен қатар, кітапхана қорына ғылыми диссертациялар мен авторефераттар кіреді.

Әр даярлық бейін бойынша негізгі оқу әдебиет қоры үнемі жаңартылып және толықтырылып отырады.

Қосымша әдебиет қоры ресми басылымдарды қамтиды.

Оқырмандар «Жаңа кітаптар» көрмесінде, «Жаңа басылымдар» ақпараттық бюллетенінің тоқсан сайынғы шығарылымында, сондай-ақ университет сайтында таныса алады.

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің кітапханасында «Кенді өлкем – Жезқазған», «Академик Байқоңыров», «Ұлытау өңірі» электронды картотекаларын, автор, тақырып, тақырыптық айдар, негізгі сөздер бойынша тиімді іздестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін КАБИС электронды каталогын пайдалануға, сондай-ақ кітапханада әдебиет туралы ақпаратты тез алуға болады.

Электронды қорларға, соның ішінде ғаламтор желісіне қол жеткізуді кеңейту мақсатында кітапханада мамандандырылған жиһазбен, заманауи компьютерлік техникамен (ғаламторға шығатын 24 дербес компьютер) жабдықталған электрондық оқу залы,  ғылыми және мерзімді басылымдар залы жұмыс істейді.

Залдарда ақпараттық қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ, студенттерге тақырыптар бойынша материалдарды іріктеуге көмек көрсетіледі және ақпараттық-библиографиялық сұраныстар қанағаттандырылады.

01.10.2014 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының электрондық білім беру және ғылыми ресурстарын біріктіретін республикалық ЖОО аралық электрондық кітапханаға (РЖЭК) кіру мүмкіндігі берілген. Осының арқасында пайдаланушылар авторлық құқықты сақтай отырып, ПОҚ оқулықтарының, оқу құралдарының, ғылыми, әдістемелік материалдардың және жарияланған мақалалардың толық мәтіндерімен танысуға мүмкіндігі бар.

РЖЭК-тің қорында «2010-2018 ж.ж. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті Хабаршысының» pdf-форматындағы толық мәтіннің электрондық нұсқалары бар.

Электронды көшірмелерді тегін жүктеу электронды оқу залында, ғаламтор-сыныптарында және кітапхана абонементінде ұйымдастырылған.

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық орталығы» Ұлттық лицензия аясында ақысыз негізде Thomson Reuter және Springer link ғылыми электрондық басылымдарына қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша қызметтерді ұсынады. Оқырмандарға толық мәтінді мәліметтер базасына қол жеткізу – бұл қызықты кітаптар мен мақалаларды және түрлі базаларды іздеу.

Кітапхана бөлімшелерінде тұрақты жұмыс істейтін «Кітапхана – білім мен ақпарат орталығы», «Кітапхана тынысы», «Оқырман бұрышы», «Дала даналары», «Білім ордасының биік белесі», «Жаңа кітаптар» тақырыбындағы стендтер мен көрмелер безендірілген.

2019 жылға жазылу басылымдары:

Газеттер

Журналдар