Басып шығару
PDF

КІТАПХАНА

Кітапхана меңгерушісінің м.а.

Аманбекова Гульнар

Байланыс туралы ақпарат

Мекенжайы: 100600, Жезқазған қ., Алашахан даңғ., 1 Б (С ғимараты), 101-кабинет

Tел.: 8 (7102) 736-670 (ішкі номер: 106)

e-mail:   Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

Кітапхана жұмысының мақсаты: университеттің саясатын, мақсаттарын, сапа саласындағы кітапхананың мақсаттарын жүзеге асыру. Университеттің бәсекеге қабілеттілігінің одан әрі өсуі үшін университет қызметінің және білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу және енгізу.

Кітапхана қойылған мақсаттарды келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырады:

  • кітапхана жұмысын және кітапхана мен библиография саласындағы ғылыми зерттеулерге әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
  • кітапханада сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) әзірлеу және енгізу.

Функционалдық міндеттері:

  • студенттерге, профессорлық-оқытушылық құрамға, қызметкерлерге олардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес қызмет көрсету;
  • абонементтерде, оқу залдарында, басқа да беру пункттерінде пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  • оқырмандарды ақысыз негізгі кітапханалық қызметтермен қамтамасыз ету, сондай-ақ Президент-ректор бекіткен қолданыстағы тізім мен прейскурантқа сәйкес қосымша ақылы қызметтер көрсету;
  • білім беру ұйымының бейініне және пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес қорды жинақтау;
  • басылымдардың негізгі, қосалқы, сақтандыру қорларын ұйымдастыру және оларды есепке алу, орналастыру, күзету, сақтау режимін, қалпына келтіру мен консервациялауды қамтамасыз ету;
  • қағаз және электронды тасығышта кітаппен қамтамасыз ету деректер базасын жүргізу;
  • пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін және қор құрамын нақты өзара тәуелділікке жүргізу мақсатында оқырман сұранысының қанағаттану дәрежесін зерттеу;
  • пайдаланушыларға үздіксіз және жедел қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  • баспа шығармаларын көрмелер, конференциялар, таныстырылымдар және басқа да бұқаралық жұмыс түрлері арқылы насихаттау;
  • қорларды көпаспективті ашу мақсатында дәстүрлі (карточкаларда), сондай-ақ электрондық тасығыштарда кітапхананың анықтамалық-іздеу аппаратын жүйелеу (АІАЖ);
  • кәсіби құзыреттілікті тереңдету мақсатында кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз арттыру жүйесін ұйымдастыру;
  • білім алушылардың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу, қазіргі заманғы технология негізінде кітапханада жұмыс істеуге дағдыландыру;
  • кітапхана қызметін институттармен, кафедралармен, ғылыми бөлімдермен үйлестіру;
  • КАА арқылы кітапхана қорларын өзара пайдалануды ұйымдастыру;
  • қолданушыларды қолда бар әдебиеттермен, соның ішінде жаңа түсімдер туралы жедел ақпараттандыру мақсатында ақпараттық іс-шаралар кешендерін өткізу;
  • электрондық каталогты, библиографиялық картотекаларды, тізімдерді жасау;
  • СМЖ-ға қатысты стандарт талаптарын сақтау;
  • кітапхана қызметінің сапасын үнемі арттыру, жекелеген жұмыс түрлерін орындау;
  • білім алушыларға, профессорлық-оқытушылар құрамына, ғылыми қызметкерлерге ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес толық жедел кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсету;
  • кітапхана қызметінің барлық жақтарын ізгілендіру және демократияландыру, жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдар беру;
  • республиканың ғылыми және мәдени мұрасын ашу және оның сақталуын насихаттау;
  • пайдаланушының білім және кәсіби қажеттіліктерін қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету;
  • оқырмандарғажедел, сапалы, кітапханалық, ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  • кітапхана жұмысын есепке алуды қамтамасыз ету;
  • оқырмандар арасында кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттау бойынша сабақтарды ұйымдастыру;
  • кітапхана-библиографиялық үдеріске автоматтандыруды және компьютерлендіруді енгізуге ықпал ететін кітапхананы білікті кадрлармен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
  • қордан есептен шығарылған әдебиеттерді қайта бөлуді, айырбастауды немесе сатуды қазіргі заманғы есептен шығару жолымен қорды ескі, бейінді емес, артық дублеттік әдебиеттерден тұрақты түрде тазарту жүргізу;
  • сапа менеджмент жүйесін жұмыс жағдайында ұстау.

Қызметкерлердің тізімі:

Кітапханашылар:

Исина Райхан Тамабаевна

Козыбаева Алия Акановна

Абдыкалыкова Жанар Калдыбаевна