Басып шығару
PDF

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Бөлім бастығы

Байқоңыров Ерден Ғалымұлы

Байланыс туралы мәлімет

Мекенжайы: 100600, Жезқазған қ., Алашахан даңғ., 1 Б (А ғимараты), 305А кабинеті,

Tел.: 8 (7102) 736-781, ішкі – 125

e-mail:  Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

1. Негізгі мақсаттары мен міндеттері

1.1. Ғылым және инновация орталығы жұмысының мақсаттары:

ҒжИО-ның басты мақсаты – білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың даму тенденциясына сәйкес, ғылыми әлеуетті арттыру, халықаралық білім ұйымдарымымен байланыс орнату, білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасау, ғылымды дамыту бойынша университеттегі жас ғалымдардың, студенттердің және басқа да қызығушылық танытып отырған тұлғалардың күш-жігерін біріктіру, магистратура қызметін үйлестіру арқылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім қызметін қамтамасыз ету, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Сонымен қатар, университет саясаты мен мақсаттарын, сапа саласындағы ҒжИО-дың мақсаттарын жүзеге асыру, университеттің ғылыми қызметін дамыту, ҚР-ның саяси, экономикалық, қоғамдық, мәдени өміріне тиісті деңгейде қатысу болып табылады.  

1.2. Ғылым және инновация орталығы жұмысының міндеттері:

ҒжИО қызметінің міндеттеріне мыналар жатады:

  • ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмысының стратегиялық және басқа да жоспарларын дайындау;
  • ҚР БжҒМ мен ҒЗЖ бойынша басқа да министрліктің конкурсына ПОҚ-тың қатысуына байланысты әртүрлі ұйымдармен, кәсіпорындармен және мекемелермен бірлесе отырып, мемлекеттік бюджет және шаруашылық келісімшарт негізінде орындалатын ғылыми зерттеулер бойынша кафедра жұмыстарын үйлестіру; 
  • өнертабысқа патенталды рұқсат пен патент алу, сонымен қатар кафедраларға, зертханаларға өнертапқыштық және рационализаторлық жұмыстардың рәсімделуі бойынша ақпараттық қызмет көрсету, әдістемелік жетекшілікті жүзеге асыру;
  • ғылыми зерттеулерге техникалық-экономикалық талдау жүргізіп, аяқталған жұмыстардың нәтижелерін енгізу бойынша ұсыныстар дайындау үшін мамандықтардың топтарын қалыптастыру; 
  • жұмыс істеп тұрған ғылыми-зерттеу зертханаларын жаңғыртуға және жаңа проблемалық ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға үлес қосу;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстары мен нәтижелерін өндіріске және оқу үдерісіне енгізу туралы есепке алу және есеп беруді жүзеге асыру;
  • республикалық және халықаралық гранттардың конкурстарына іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу тақырыптарын ұсыну;
  • халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық конференцияларын ұйымдастыру және өткізу;
  • басқа да мекемелермен және ұйымдармен ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • жаңалықтар, өнертабыстар мен рационалды ұсыныстар дегейінде орындалған жұмыстардың авторлық құқықтары мен басымдықтарын қорғау бойынша жұмыстарға басшылық ету;   «ЖезУ Хабаршысы» ғылыми журналының шығарылымын дайындау;

1.3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары:

  • мамандықтар мен пәндер бойынша студенттік олимпиадалар, ғылыми конференциялар, ҒЗЖ мен семинарлар ұйымдастыру;
  • кафедраның мемлекеттік бюджет және шаруашылық келісімшарт негізінде орындалатын жұмыстарға студенттердің қатысуы;
  • студенттердің халықаралық, республикалық конференцияларға, конкурстарға қатысуы;
  • студенттердің үздік ғылыми жұмыстары бойынша халықаралық, республикалық конкурстарға қатысуын ұйымдастыру;
  • жас ғалымдардың еңбектерін жариялау;

1.4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

  • ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жұмыстарын ұйымдастыру және оны қорытындылау;
  • магистратура бойынша тиісті құжаттарды дайындау;
  • магистратураға орындар тағайындау бойынша ҚР БжҒМ-ге өтінімдерді рәсімдеу;
  • магистранттарды оқуға қабылдау және олардың оқу бітіруі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • магистратурада білім алып жатқандардың оқу үдерісін бақылау және аттестациялануын жүзеге асыру;
  • магистранттарға қатысты бұйрықтарды мерзімінде рәсімдеу;
  • «Platonus» ААЖ-ге магистратура бойынша мәліметтерді базаға мерзімінде енгізіп отыру;
  • магистранттарды даярлау бойынша статистикалық есепті дайындау; 
  • жеке істерді рәсімдеу және мұрағатқа өткізу;

2. Қалыптасу тарихы:

28.02.2018 жылдағы № 15 бұйрыққа сәйкес, Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі Ғылым және инновация орталығы болып өзгертілді.  

3. Функционалдық міндеттері

3.1. ҒжИО-ның функционалдық міндеттеріне мыналар жатады:

  • Президент-Ректордың өкімдері мен бұйрықтары, ҚР БжҒМ нормативті және нұсқаулық құжаттары мен АҚ-ның жарғысына сәйкес, кафедралар мен институттардың ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарын бақылау және жалпы жетекшілік етуді жүзеге асыру;
  • функционалдық міндеттер аясында бөлім жұмысы бойынша есеп дайындау;
  • мерзімінде орындалатын жұмыстардың орындалуын қадағалауды қамтамасыз ету;
  • басқа да мекемелер мен ұйымдармен ғылыми ынтымақтастық туралы келісімшарттардың рәсімделуін ұйымдастыру;
  • Жезқазған университетінің базасында ғылыми конференциялардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін бақылау;
  • жылдық жоспарларда көрсетілген шығындар сметасының рәсімделуін бақылауды жүзеге асыру;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұйымдар мен мекемелермен жасалатын шаруашылық келісімшарттарды бақылау;
  • университеттің ғылыми-зерттеу қызметін, соның ішінде кафедралар, бизнес-инкубатор мен басқа да проблемалық зертханалардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, мемлекеттік бюджет пен шаруашылық келісімшарт жұмыстарын ағымда және перспективалық тұрғыдан жоспарлау;  
  • ҒЗЖ бойынша ғылыми-техникалық ақпараттық орталыққа материалдар, мемлекеттік бюджет тақырыбы мен шаруашылық келісімшарт негізіндегі жұмыстар туралы жоғары тұрған ұйымдарға ақпараттар мен статистикалық есептер толтыру және ұсыну;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалысы туралы жылдық есеп дайындау;
  • магистранттарды даярлау кезінде заңдылықтардың орындалуы бойынша қадағалауды жүзеге асыру;
  • магистратура жұмысының нәтижесі бойынша есептерді дайындауды қамтамасыз ету;
  • ғылыми іссапарлар бойынша есептерді қадағалау;
  • магистранттардың жеке істерін рәсімдеу және оны мұрағатқа өткізу;
  • магистранттардың жеке жұмыс жоспарларының әзірленуін қадағалау;
  • қалалық мұражаймен және мұрағатпен байланыс жасау;
  • студенттер арасында ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептерді дайындау;
  • орталықтың техникалық базасын дамыту мен ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, мәліметтерді өңдеу бойынша жаңа оқыту мен әдістер енгізу;
  • неғұрлым перспективалық ғылыми бағыттарды дамыту;
  • басқа ЖОО-лармен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту;
  • орталықтың басқа да құрылымдық бөлімшелермен оңтайлы қарым-қатынаста болуын қамтамасыз ету;
  • Президент-Ректорға тікелей бағыну;
  • сапа менеджмент жүйесін жұмыс бабында қолдану.

  Қызметкерлер тізімі:

ҒжИО бастығы

ҒжИО маманы

Байқоңыров Е. Ғ.

Мақсұтбекова Г. Т.