Басып шығару
PDF

ГПИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

GPI Direktor

Темірбекова Ақзияш Ақшекенқызы

1960 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы, Жезді ауданының Қарсақбай кентінде туған.

1967 жылы Қарсақбай кентіндегі №2 сегіз жылдық мектепке барған.

1977 жылы Қарсақбай кентіндегі Ж.Жабаев атындағы №1 орта мектепті бітірген.

1981 жылы Жезқазған педагогикалық институтын үздік дипломмен бітірген. Мамандығы: математика. Біліктілігі: математика пәнінің оқытушысы.

1981 жылы Қарағанды политехникалық институтының Жезқазғандағы филиалындағы «Жоғары математика» кафедрасында зертханашы болып еңбек жолын бастады.

1983 жылдан 1994 жылға дейін Қарағанды политехникалық институтының Жезқазғандағы филиалында тау-кен технологиялық институтындағы «Жоғары математика» кафедрасында ассистент қызметін атқарды.

1995 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіндегі «Физика, информатика және математика» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді.

2008-2018 жылдары Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіндегі гуманитарлық-педагогтік институты директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың 27 қарашасынан бүгінге дейін университеттің гуманитарлық-педагогтік институты директорының міндетін атқарушы болып келеді.  

30-дан астам ғылыми мақалалары бар, олардың басым бөлігі шетелдік және халықаралық басылымдарда жарық көрген. «Математика» мамандығы бойынша 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдардың авторы.