Гуманитарлық-педагогтік институтының

этнографиялық мұражайы

gpi museum

Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.

        Алғашқыда мұражай 1999 жылдың 02 ақпанында «БӨ мен Дизайн» кафедрасының дипломдық жұмыстарының көрме залы ретінде ұйымдастырылды, кейін 2000 жылы «Наурыз мейрамын» тойлау барысында аталған көрме залы Ректоратта «Ө.А. Байқоңыров атындағы ЖезУ-дің  «Этнографиялық мұражайы»» деп аталатындығы туралы шешім қабылданды.

Мұражайдың басты мақсаты – керемет тарихи мұраны сақтау, көшпелі халықтың мәдениеті мен ғұрпын өскелең ұрпаққа дәріптеу, күнделікті тұрмысқа қажетті ұлттық бұйымдарды жасау. 

etno muz-01   etno muz-02

Көшпелі қазақ ауылдарының тұрмысында қолданылатын заттар 

Этнографиялық мұражай қазақтың ұлттық киіз үйі стилінде жасалған. Төбесінде – шаңырақ орнатылған. Ол – ортақ үйдің, қазақ халқының қонақжайлығын сипаттайды. Залдың ортасында көне ұлттық музыкалық аспап – қобыз бар. Қобыз – шекті аспаптардың негізін қалаушы аспап болып табылады. 

  etno muz-03

Ұлттық музыкалық аспап – қобыз

etno muz-04   etno muz-05

Қазақтардың ұлттық киімдері мен бас киімдері

 

Жан-жағында «БӨ және Дизайн» кафедрасына қарасты студенттердің дипломдық жұмыстары, сонымен қатар қазақ әйелдері мен ерлерінің ұлттық киімдері орналастырылған. Этнографиялық мұражайдың базасы тұрақты түрде жаңартылып тұрады.

etno muz-06   etno muz-07

«БӨ және Дизайн» кафедрасына қарасты студенттерімен

ағаштан жасалған сандықтары мен ертоқымы

 

 

Мұражай Жезқазған қаласы, Анарқұлов к., 11 мекенжайы бойынша

 университеттің № 5 оқу ғимаратында

орналасқан