Геологиялық мұражай

geo museum 01

 

Академик Қ.И.Сәтбаев: «Қазақстан – ірі табиғи байлықтардың мекені» деп жазған.

    Қазақстан бүгінгі таңда әлемдегі бірегей минералды-шикізат базасы бар мемлекеттердің бірі болып табылады. Әлемдік тау-кен өндіру өнеркәсібіне шолу жасалына отырып, Қазақстанда минералдық шикізаттың 55 түрінен (соның ішінде металлдың 29 түрі) 39 түрі (металлдың 29 түрі) өндірілетіндігі дәлелденді. Минералды шикізаттардың көптеген түрлерінің сапасы мен саны бойынша республиканың көрсеткіштері орта әлемдік көрсеткіштерден де асады.

muz-geo 02   muz-geo 03

    Өнеркәсіптің қарқынды дамуы өзіндік коллекцияларын қалыптастырған геологиялық ғылымның дамуына және әртүрлі геологиялық мекемелер санының өсуіне септігін тигізді. Бүгінгі таңда Ресей мен әлемдегі көптеген геологиялық (одан да басқа) мұражайлардағы экспозициялар бұйымдарының отаны Қазақстанның бай жері болып есептелінетін жәдігерлер болып табылады. Атап айтсақ, олар – Жезқазғанның өзіне тән мысының керемет дендриттері, Ақтастың тау-кен хрусталінің үгінділері, Ақшатау пириттерінің кубы, Алтын-Төбе диоптаздың бірегей кристаллдары, Жезді Алтай мен Орталық Қазақстанның яшма тастары және басқа да пайдалы қазбалары.

  muz-geo 04   muz-geo 05   muz-geo 06

2015 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің базасында геологиялық мұражай ашылды.

Мұражай руда мен минералдардың үздік үлгілерінен тұратын керемет коллекциялық материалдар негізінде жасалған.

muz-geo 07   muz-geo 08   muz-geo 09

 

Геологиялық мұражай қорында минералдардың, тау жыныстары мен руда түрлерінің 400-дей үлгісі бар. Мұражайда Қазақстандағы пайдалы қазбалар кен орындарының әр түрлі бөлімдерінен тұратын геологиялық картаның 11 түрі көрсетілген.

 

Минералды коллекциялардың сөрелерінде Жер шарындағы геологиялық әртүрлілік пен тастардың сұлулығы және Жезқазған-Ұлытау аймағының бай жер қойнауы туралы түсінік беретін минералдар мен рудалардың әсерлі үлгілері бар. 

 

Минералды коллекциялардың соңғы сөрелерінде қазақстандық агаттардың бірегей коллекциялары бар. Дәрісхана тумбаларында әр түрлі кен орындарындағы рудалар мен минералдардың  ірі габаритті үлгілері көрсетілген. 

muz-geo 10   muz-geo 11   muz-geo 12

Дәл осы дәрісханада көптеген геологиялық үдерістерді түсіндіретін макеттер, плакаттар, карталар, суреттер бар.

Геологиялық мұражайдың қызметкерлері үнемі руда мен минералдардың коллекцияларын жандандырып, толықтырып отырады. 

 

Мұражай Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 1Б мекенжайы бойынша

 университеттің Бас ғимаратындағы

Б корпусының 401 дәрісханасында орналасқан