Академик Ө.А. Байқоңыров атындағы

Жезқазған университетінің

мұражайы

univer museum 9

Университет дамуының негізгі кезеңдері:

1961 жыл – Жезқазған тау-кен металлургиялық комбитанына қарасты Қарағанды политехникалық институтының кешкі даярлық курстарының базасында кешкі жалпы техникалық факультеттің ашылуы;

1973 жыл – күндізгі оқыту формасының ашылуы;

1975 жыл – Жезқазғанда педагогикалық институттың ашылуы;

1977 жыл – ҚарПТИ филиалына жалпы техникалық факультеттің түрлендірілуі;  

1992 жыл – Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған тау-кен технологиялық институтының ұйымдастырылуы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 07 мамырындағы № 573 қаулысының негізінде Жезқазған тау-кен технологиялық және педагогикалық институттарының бірігуі арқылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті құрылды.   

2001 жылы Жезқазған-Ұлытау аймағындағы жоғары оқу орынның 40 жылдығына және Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің құрылғанына 5 жыл толуына орай университет мұражайы ашылды. 

univer museum

Жезқазған-Ұлытау аймағындағы жоғары техникалық білімнің

50 жылдығына арналған стенд

2011 жылы академик Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, қала және аймақ жұртшылығы болып, Жезқазған-Ұлытау аймағындағы жоғары техникалық білімнің 50 жылдық мерейтойын тойлады.  

Қазақстан ғылым Академиясының академигі, жоғары мектептің еңбек сіңірген қызметкері, техника ғылымдарының докторы, профессор – Ө.А.Байқоңыровтың туғанына 100 жыл толуына орай жақын және алыс шет елдерден қонақтар қатысқан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Жыл сайынғы сапармен іс-шараға академик Ө.А.Байқоңыровтың қызы, техника ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің профессоры – Алия Өмірханқызы Байқоңырова, сонымен қатар ҚР көрнекті ғалымдары: ғылым және инновациялық қызметтің проректоры – Кульдеев Ержан Итеменович, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі, ҚазҰТУ-дың ашық тау-кен жұмыстары кафедрасының меңгерушісі – Ракишев Баян, т.ғ.д., профессор – Бітімбаев Марат Жакупович, ҚазҰТУ-дың тау-кен металлургиялық институтының директоры – Рысбеков Қанай Бахытович, т.ғ.д., профессор – Бөкейханов Диас Габдулхакимович, т.ғ.д., профессор – Цеховой Алексей Филиппович, т.ғ.д., ҚазҰТУ-дың тау-кен металлургиялық институтының профессоры – Крупник Леонид Андреевич, т.ғ.д., ҚазҰТУ-дың жерасты пайдалы қазбаларын өңдеу кафедрасының меңгерушісі – Қабетенов Төлеген, ХАА-ның академигі, ҚазҰТУ-дың профессоры – Нұрлыбаев Мұрат Атайбекович, «ЖАН» ЖШС «СаГа» баспасының бас редакторы – Шаңғытбаева Гаухар Қуандықовна, металлургия магистрі, PhD докторанты – Ақпанбаев Ринат Серекович және басқа да шет ел ғалымдары, атап айтсақ металлургия саласының философия докторы, Колорадо (АҚШ) тау-кен материалдары мектебінің және инженерлік металлургия кафедрасының профессоры – Браджендра Мишра, сауданы қолдау Чех агенттігінің директоры –  Марчек Антонин, «AVIS» (Прага) компаниясының өкілі – Чачин Сергей Юрьевич және т.б. қатысты.

Мерейтойлық іс-шаралардың аясында академик Ө.А.Байқоңыров есімін зор мақтанышпен иеленіп жүрген Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті ХІІ Халықаралық Байқоңыров оқуларын ұйымдастырды.

univer museum 10

Ө.А. Байқоңыров өмірінен сурет

Академик Ө.А. Байқоңыров Қазақстандағы техника саласының зиялы қауымының көшбасшысы бола отырып, Қазақстанның техникалық элитасының қалыптасуына және дамуына, кәсіби өсуіне өлшеусіз үлес қосты. Ол Қазақстандағы ірі өндіріс базасындағы институт факультеттері мен ұйым филиалдарының ұйымдастырылуының бастамасшысы болған. Оның талабымен Қарағанды қаласындағы Тау-кен институты (1953), Өскемен жол-құрылыс институты (1958), Рудный кешкі факультеті (1959), Алматыда С.М. Киров атындағы зауытына қарасты кешкі машина жасау факультеті (1962) және тағы да басқа ЖОО құрылымдары ашылды. Жоғарыда аталған институттар кейін университет мәртебесін алды. 

univer museum 11

Ө.А.Байқоңыровтың өміржолына арналған стенд

Академик Ө.А. Байқоңыровтың есімін мәңгі есте сақтау үшін Жезқазған университетіне (ЖезУ), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Тау-кен институтына (ҚазҰТУ), Алматы, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы көшелерге ғалымның есімі берілген, кеніш басқармасының ғимараттарында (Жезқазған руднигі), Алматы қаласындағы тұрғын үйлерінде, Жезқазған руднигінде, «Кен орындарын әзірлеу технологиясы» кафедрасында ескерткіш-тақталар орнатылған, ҚазҰТУ мен ЖезУ-дегі дәрісханалар академик Байқоңыровтың есімімен аталады, Жезқазған университетіндегі оқу ғимаратының алдына монумент пен тас мүсіні қойылған, «Академик Ө.А. Байқоңыров» кітабы шығарылды, «Кен орындарын жер асты өңдеу әдістерін таңдау және жіктеу» тақырыбындағы тау-кен қоғамында үлкен сұранысқа ие екінші мерейтойлық басылым жарыққа шықты.

univer museum 1

Академик Ө.А.Байқоңыровтың жұмыс столы

Академик Ө.А. Байқоңыров түсті металл рудаларын, химиялық шикізат пен металл емес материалдарды бұған дейінгі жерасты және ашық түрде өндіруді жаңартып, жетілдірудегі қазақстандық ғылыми мектептің негізін қалаушы болып табылады. Оның еңбектері тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттеріне де танымал.

Өмірхан Аймағамбетұлы өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесін, энциклопедиялық білімін барша адамзатқа беруге құштар болды. Ол техника ғылымдарының 60 кандидатын, 10 докторын дайындады, 300-ден аса ғылыми еңбектері мен 30 өнертабысы жарыққа шықты. Көптеген монографияның авторы. Ө.А.Байқоңыровтың негізгі еңбектері жерасты тау-кен жұмыстарын үздіксіз жүргізу, әзірлемелердің сейсмикалық қауіпсіздігі, тау жыныстарының физика-механикалық күйін зерттеу, кен орындарын әзірлеудің жалпы классификациясы сияқты мәселелерге бағытталған.  300 ғылыми еңбектің  және 15 монографияның авторы. Атап айтсақ:

  • Совершенствование днищ блоков на рудниках, М., 1977.
  • Методы контроля физико-технических параметров подземной разработки руд, Алма-Ата, 1979.
  • Комплексная механизация подземной разработки руд, М., 1981.
  • Классификация и выбор методов подземной разработки месторождений, Алма-Ата, 1969.
  • Основы горной геофизики, Алма-Ата, 1970.
  • Подземная разработка месторождений с закладкой, Алма-Ата, 1972.
  • Пластичные конвейеры для скальных пород и руд, Алма-Ата, 1970.

  univer museum 2

Жезқазған тау-кен технологиялық институтының қалыптасу тарихына арналған стенд

1973 жылы Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім министрлігінің бұйрығы негізінде факультетте күндізгі бөлім ашылды. Жаңа мамандықтар ашылып, студенттер саны өсті.  

1977 жылы Жезқазған жалпы техникалық факультеті Қарағанды политехникалық институтының Еңбек Қызыл Ту орденінің филиалына айналды. Жергілікті билік ЖОО-ға үлкен көңіл бөлді, материалдық-техникалық базаны күшейтуге және кадрлық әлеуетті нығайтуға жан-жақты қолдау, әрі көмек көрсетті. Жаңа кафедралар ашылып, жұмысқа ғалым-оқытушылар мен ғылым кандидаттары шақырылды. 

1992 жылы ҚарПИ ҚР Министрлер Кабинетінің 21.01.1992 ж. № 42 Жарлығына сәйкес, Жезқазған тау-кен технологиялық институты болып өзгертілді.

univer museum 3

Жезқазған тау-кен технологиялық институтының тұңғыш ректоры

1961 жылы Қарағанды политехникалық институтының жалпы техникалық факультетінің базасындағы «Автомобиль көлігі» кафедрасының алғашқы меңгерушісі болып – т.ғ.к., профессор, ҚР Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі Ғ.Қ. Жакенов тағайындалды. Кейін, 1992 жылы ҚарПТИ-дің Жезқазған филиалы Жезқазған тау-кен технологиялық институты болып өзгертілген кезде, аталған институттың тұңғыш ректоры болды.

1996 жылы педагогикалық және тау-кен технологиялық институтының бірігуі нәтижесінде Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті қалыптасты. Осы оқу орынның бірінші проректоры болып Ғ.Қ. Жакенов тағайындалды. Оның басшылығымен 7 кандидаттық диссертация қорғалып, көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. 

Ғабидолла Қабышұлы Жакенов – «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Жезқазған қаласының құрметті азаматы», «ҚР еңбек сіңірген қайраткері».

univer museum 4

Жезқазған педагогикалық институтының қалыптасу тарихына арналған стенд

1975 жылы Жезқазған педагогикалық институты ашылды. Алғашқы кезеңде «Филология» және «Физика-математика» факультеттері бойынша кадрлар даярланды. Кейін, 1976 жылы «Жартылыстану-география», 1978 жылы «Көркем және графика» факультеттері ашылды. 35 жылдан астам уақыттан бері осы оқу орнында қалалар, өнеркәсіптік кенттер, аудандар мен ауыл мектептері үшін 10 мыңнан астам мұғалімдер түлеп ұшты. 

univer museum 5

Жезқазған пединститутындағы педагогика ғылымдарының бірінші докторы 

univer museum 6

Жалпы техникалық факультетінің директорлар галереясы

Тұтастай ЖОО-ның, факультеттердің және кафедралардың қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан жоғары техникалық мектептің басшыларысыз елестету қиын. Жезқазған университетінің жоғары техникалық білімнің қалыптасуына З.М. Смағұлов, М.Н. Шманов, М.Т. Тоқтамысов, Н.А. Жайсаңбаев Ғ.Қ. Жакеновтер көп еңбек етті.  

univer-museum-7

Академик А.С. Сагиновке арналған стенд

1961 жылы Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім Министрінің бұйрығы негізінде Қарағанды политехникалық институтының кешкі даярлық курсының базасында кешкі жалпы техникалық факультеті ашылып, онда «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» және «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандықтары бойынша сабақтар жүргізілді. А.С.Сагинов – факультеттің іргетасын қалаушы, көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Социалистік Еңбек Ері, т.ғ.д., профессор, ҚарПИ ректоры. 

univer museum 8

Жезқазған университетінің қазіргі қоғамдық өмірі

Бүгінгі таңда Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті – заман талабына сай келетін жаңа үлгідегі жоғары оқу орны.

Мұражай Жезқазған қаласы, Байқоңыров к., 123 мекенжайы бойынша

 университеттің № 2 оқу ғимаратының

1-қабатында орналасқан