Оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректор

Prorektor 1

Сарсембаев Дінмұхамед Жакупович – т.ғ.к., доцент, оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры (2015 жылдың қазан айынан бастап, күні бүгінге дейін).

  • институт пен кафедралардағы оқу жұмыстарының өткізілу сапасы мен ұйымдастырылуын бақылайды және басқарады;
  • оқу орталығының, әдістеме және білім технологиялары орталығының, студент бөлімінің жұмыстарын басқарады, тестілеу, сапа және бағалау орталығының қызметін үйлестіреді;
  • оқу-әдістемелік әдебиеттердің шығарылуын, оқу үдерісін бақылайды және басқарады;
  • аудиторлық қордың оңтайлы бөлінуін және пайдаланылуын қамтамасыз етеді, оқу және емтихан кестелерін бекітеді;
  • оқу үдерісінің кестелерін, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын және оның орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
  • университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің, институт пен кафедралардағы әдістемелік жұмыстардың сапасы мен ұйымдастырылуын қадағалайды және басқарады;
  • институт пен кафедралардағы оқу, өндірістік, педагогикалық және дипломалды тәжірибелерін ұйымдастыру жұмыстарын басқарады;
  • институттардың жылдық жоспарлары мен есептерінің орындалуын қадағалайды;
  • кафедралардың оқу жүктемелерін жоспарлайды және есептейді, сонымен қатар ПОҚ пен ОКҚ-ты бекітуге ұсынады;
  • Жезқазған университетінің мамандықтары бойынша ҚР БжҒМ оқу-әдістемелік бірлестіктерімен байланыс ұйымдастырады;
  • оқу үдерісіне оқытудың жаңа технологиясы мен әдістерінің енгізілуін ұйымдастырады және бақылайды;
  • СМЖ құжаттарының талаптарына сәйкес, білім беру қызметі пен үдерістердің сапасын қамтамасыз етеді;
  • емтихан комисссиясының жұмысын қадағалайды;
  • ректордың қаралуына ұсынылатын студенттердің ауысуы, оқудан шығарылуы, қайта қабылдануы туралы институттардың ұсыныстарын талқылайды.