Басып шығару
PDF

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің тарихы

     Орталық Қазақстанда түсті металлургияны дамыту, Жезқазған аймағындағы кен орындарды өнеркәсіптік тұрғыдан игеру қажеттілігі, кеніштерді, зауыттар мен фабрикаларды іске қосу кадрларды даярлау мәселесімен тығыз байланысты болды. 1961 жылы Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім министрлігінің бұйрығы негізінде Қарағанды политехникалық институтының кешкі даярлық курсының базасында кешкі жалпы техникалық факультеті ашылды. Сөйтіп, аймағымызда тұңғыш жоғары білім ошағы пайда болды. «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау», «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандықтары бойынша 100 студент оқуға қабылданды. А.С. Сагинов – факультеттің іргетасын қалаушы, көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Социалистік Еңбек Ері, т.ғ.д., профессор, ҚарПИ ректоры.

     1973 жылы Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім министрлігінің бұйрығы негізінде факультетте күндізгі бөлім ашылды. Жаңа мамандықтар ашылып, студенттер саны өсті. 1977 жылы Жезқазған жалпы техникалық факультеті Қарағанды политехникалық институтының Еңбек Қызыл Ту орденінің филиалына айналды. Филиалдың ашылуы Жезқазған үшін ғана емес, бүкіл Орталық Қазақстан үшін маңызды оқиға болды. Жергілікті билік ЖОО-ға үлкен көңіл бөлді, материалдық-техникалық базаны күшейтуге және кадрлық әлеуетті нығайтуға жан-жақты қолдау, әрі көмек көрсетті. Жаңа кафедралар ашылып, жұмысқа ғалым-оқытушылар мен ғылым кандидаттары шақырылды.

     1992 жылы ҚарПИ ҚР Министрлер Кабинетінің 21.01.1992 ж. №42 Жарлығына сәйкес, Жезқазған таукен-технологиялық институты болып өзгертілді.

     Өңірдегі өнеркәсіптің дамуы әлеуметтік саладағы кадрларды даярлау қажеттілігін тудырды. Әсіресе, аймақтағы экономиканың дамуына байланысты педагогикалық кадрларды даярлау өзекті мәселеге айналды. 1975 жылы Жезқазған педагогикалық институты ашылды. Алғашқы кезеңде «Филология» және «Физика-математика» факультеттері бойынша кадрлар даярланды. Кейін, 1976 жылы «Жартылыстану-география», 1978 жылы «Көркем және графика» факультеттері ашылды. 35 жылдан астам уақыттан бері қалалар, өнеркәсіптік кенттер, аудандар мен ауыл мектептері үшін 10 мыңнан астам мұғалімдер түлеп ұшты.  

     ЖОО-ның бірінші басшылары – И.И. Белогривов, Ш.Ю. Тастанов, М.С. Бектұров, Г.К. Жакенов, У.Т. Абдрахимов, алғаш ашылған факультеттердің декандары – Н.С. Колобочкин, С.Х. Хамзин.

     1996 жылы ҚР Білім министрінің Бұйрығы мен Үкімет Қаулысына сәйкес, Жезқазған тау-кен технологиялық және педагогикалық институттарының базасында Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті ашылды. Жаңа оқу орнын т.ғ.д., профессор, ҚР Инженерлік Академияның корр.-мүшесі У.Т. Абдрахимов басқарды.

     Күні бүгінге дейін ЖОО-да көптеген жоғары білікті мамандар даярланды, оқу-зертханалық және материалдық-база нығайтылды, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары жандандырылды, талаптарға сәйкес, мамандық номенклатуралары өзегертілді, өндіріспен оқу үдерісінің интеграциясы жетілдірілді 

zoofirma.ru