Басып шығару
PDF

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

Кафедра мамандығының шифры мен атауы

Бакалавриат:

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

Кафедра 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мамандардаярлайды.

Оқыту формасы бойынша білім беру бағдарламасын игеру мерзімі:

Күндізгі оқыту формасы – жалпы орта білім базасы негізінде, 4 жыл.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім негізінде жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша 3 жыл, жоғары білім негізінде 2 жыл (қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану мүмкіндігімен).

 

Кафедраның қалыптасу тарихы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының негізі 1989 жылы қаланды.

Қазақ ССР Халық Ағарту министрлігінің 31 шілдедегі N02-13/637 хаты негізінде Жезқазған өңірінің жоғары оқу орындары тарихында алғаш рет қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға бағытталған кафедра ашылды.

2014 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Орыс және шет тілдер» кафедрасымен бірігіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті Орыс және шет тілдер секциясымен» кафедрасы болып құрылды.

2018 жылы кафедра «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы болып қайта құрылды.

 

Кафедра меңгерушісі туралы мәлімет

Altaybekova

ТАӘ: Алтайбекова Канагат Турсынбаевна

Ғылыми дәрежесі:  ф.ғ.к.,  доцент

Марапаттары мен жетістіктері:

Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамотасы (2015 ж.), 

ЖезУ ректорының Құрмет грамотасы (2016 ж., 2018 ж.)

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:

1

Алтайбекова Қ.Т.

ф.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі

2

Ахметов К.К.      

доцент

3

Умбетова А.Қ.

доцент

4

Омарова К.С.

аға оқытушысы

5

Хамитова Э.А.

аға оқытушысы

7

Кенжебеков А.Х.

ассистент

 

Сабақ беру әдістері

Кафедрада мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру стандарттары, сонымен қатар негізгі теориялық және практикалық пәндер бойынша типтік жұмыс бағдарламалары бар. Қазақ тіліндегі типтік оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі 100% - ды құрайды.

СӨЖ-діңдәрісханадан тыс түрі кітапхана, компьютерлік сынып жағдайында оқу материалдарын өз бетінше меңгеруді көздейді. Компьютерлік сыныпта пәндер бойынша электрондық оқулықтар бар.

Оқу жоспарына сәйкес, кафедра студенттері негізінен Жезқазған, Сәтбаев қалаларының мектептерінде, кейбір жағдайларда жақын маңда орналасқан Рудник, Талап, Весовая кенттерінің мектептерінде практикадан өтеді. Кейбір студенттер мектеп директорларынан университет ректорының атына сұранысхатәкелген жағдайда, осы мектептер қандай да бір себептермен қазақ тілі мұғалімдерінсіз қалған жағдайда облыс мектептерінде практикадан өтеді.

Практика кезінде студенттер әдетте пәндер бойынша көптеген сабақтар өткізеді. Студенттер тек қана бекітілген сыныптарда ғана емес, сонымен қатар параллель сыныптарда да сабақтар өткізіп отырады. Бірінші практика кезінде студенттер – орта сыныптарда, екінші практика кезінде – жоғары сыныптарда сынып жетекшілері болып тағайындалады. 

Студенттер әдістемелік әзірлемелерді дайындайды: үлестірмелі және дидактикалық материалдар, тыңдауға арналған мәтіндерді, көрнекі материалдарды таңдайды, олардың бір бөлігін студенттер мұғалімдердің өтініші бойынша мектептерде қалдырады.