Басып шығару
PDF

Студенттер курстық, дипломдық жұмыстар мен жобаларды, лабораториялық және практикалық жұмыстарды компьютерлік техниканы қолданып орындайды.

Кафедра келесі мамандықтар бойынша бакалавр дайындайды:

5В071300-‘’Көлік, көліктік техника және технология’’;

5В072400- ‘’Техноолгиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)’’;

5В090100- “Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру”;

5В072900- “Құрылыс” мамандандыру бойынша:

-         Өндірістік және азаматтық құрылыс және қалалық шаруашылық;

-         Жылу - газбен қамтамасыздандыру және желдету;

5В042100- “Дизайн”;

5В010700- “Бейнелеу өнері және сызу”.

5В012000- “Кәсіптік білім”

5В071300, 5В072400 және 5В090100 мамандықтары бойынша студенттердің өндірістік базалық практикасы өтетін тұрақты жер “Қазахмыс” ЖШС, «ВиражСервисКараганда» ЖШС, “Қазақстан темір жолы” АҚ болып табылады, ал 5В042100- “Дизайн”, 5В042100 “Бейнелеу өнері және сызу” және 5В012000- “Кәсіптік білім” мамандықтары үшін аймақтағы колледждер мен жалпы білімдік мектептер, техникалық мамандықтар практика өту кезінде жұмысшы мамандықтарын игереді.

Кафедра түлектері жыл сайын үлкен сұраныспен еңбекке тұрады, негізінен жергілікті жерден практикадан өтуі және жұмысқа орналасуы 100% құрайды.

Кафедрада өзекті міндеттерді шешуге байланысты, технологиялық машиналар мен көлікті автоматты басқару жүйелерін жетілдіру салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Студенттер тәжірибелі оқытушыларының жетекшілігімен ғылыми үйірмелерге тартылған: «Технократ», «Архитектор», «Жас суретші» және «Шебер»,«Дизайн» үйірмелері жұмыс істейді.

Оқытушылар мемлекеттік қор және шаруашылық келісім-шарт тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын орындайды. Бұл жұмысқа студенттер де белсене араласады.

Зерттеу қортындысы бойынша әр түрлі деңгейде жыл сайын университет, Республика көлемінде өтетін студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларына баяндамалар жасап баспадан шығарады. Шығармашылық жұмыстар бойынша көрмелерге қатысады. Студенттердің конкурстық жұмыстары мен баяндамалары мақтау қағаздармен, алғыс хаттар мен және әртүрлі сыйлықтармен марапатталады.

Кафедраның оқу-әдістемелік қоры қазіргі талапқа сай. Аудиториялар мен кабинеттер түрлі макеттер мен стенділермен безендірілген. Арнаулы автоматтандырылған зертханалар жұмыс істейді. Компьютерлік класс дипломдық жобаларды орындауға арналған.

Студенттерге зертханалық сабақтарды өткізу үшін қолданылатын жабдықтар:

-Зертханалық стендісі “Гидромеханикалық берілістің жұмыс үдерісі РП-ГПМ”;

-Типтік оқу жабдықтары “Метрология. Машинақұрылысын техникалық өлшеу. МТИ-15”;

- Зертханалық стендісі “Гидравликалық тоқтатужүйесі ИТЦ-41.000”;

-Зертханалық оқу стендісі “материалдарды қыздыру кезінде жылу құрылысын зерттеу үрдісі. НТЦ-54.000”;

- Құрылыс мамандықтары бойынша стенділер мен зертханалық құрал-жабдықтар.

Студенттер тұрақты түрде JAESTE саласы бойынша мекемелерден және шетелдердің ЖОО-нан машықтанудан өтеді.

2012 жылы ГМ-2003 тобының студенті Шон Сабит Англиядан магистратура бітірді. Қазір “Атлас Конканың” бас фирмасында қызмет істейді.

- 5В071300  «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»

- 5В072400  «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)»

- 5В072900  «Құрылыс»

- 5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»

- 5В042100- “Дизайн”;

- 5В010700- “Бейнелеу өнері және сызу”.

- 5В012000- “Кәсіптік білім”

Кафедра ұжымы оқытудың прогрессивті жетілдіру әдістерімен айналысады және келесідей мамандықтар бойынша бакалаврларды дайындайды:

1. 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» бакалавры көлік техникасын жобалаумен, пайдалану және жөндеумен, сондай-ақ көлікті пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу қызметтерімен байланысты кешенді мәселелерді шешуге бағытталған адамзат қызметінің әдістері мен тәсілдерін, құралдардын қамтитын материалды өндіріс саласында қызмет ету тиімділігін арттыруға бағыталған зерттеу жұмыстары үшін дайындалады.

Кәсіби қызметінің объектілері: көлік техникасы мен жабдықтарын жасайтын машина жасау зауыттары, көлік техникасын пайдалатын мекемелер мен ұйымдар; машина жөндеу кәсіпорындары; машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және делдалдык орталықтары; маркетингтік және көліктік-экспедиция қызметкерлері.

2.5В072400-«Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)» бакалавры өзінің кәсіптік қызметінде келесі функцияларды орындайды:

-      техникалық құжаттаманы құрастыру және бекітілген нысандар бойынша белгіленген есептілік бойынша жұмыстар жүргізу;

-      қауіпсіздік техникасы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша оқыту және нұсқауларды жүргізу;

-      өндірістік учаскелердегі технологиялық процестердің сапа менеджменті бойынша құжаттама дайындау бойынша талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Кәсіби қызметінің объектілері: әскери -өндірістік кешендерінің мекемелері мен үйымдары; мемлекеттікбасқару ұйымдары; құрастыру – жобалау; ғылыми – зерттеу; әр түрлі фирмалар.

3. 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» бакалавры көліктегі қозғалысты ұйымдастырумен байланысты кешенді мәселелерді шешуге бағытталған қызметтің әдістері мен тәсілдерін, құралдарын қамтитын материалды өндіріс саласында қызмет ету, көлік құралдары қозғалысын жобалау және модельдеу, қазіргі заманғы маркетинг пен менеджмент негізінде пайдалану жұмыстарының ұйымдастыру-шылық заңдылықтары мен процестерін зерттеу, логистика принциптерінің негізінде көлік түрлерінің өзара әсері мен тасымалдау процестерін жетілдіру үшін дайындалады.

Кәсіби қызметінің объектілері: көлік бөлімшелері мен мекемелері, мемлекеттік көлік инспекциясы және жергілікті көлікті басқару мекемелері, көлік – экспедициялық өндірістер және ұйымдар.

4. 5В072900 – «Құрылыс» мамандығы бойынша келесі мамандарды даярлайды:

♦ Өндірістік және азаматтық құрылыс технологиясы;

♦ Жылумен-газбен жабдықтау және желдету;

♦ Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай сақтау қоймаларының құрылысы;

♦ Теміржолдар құрылысы;

♦ Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы;

Кәсіби қызметтерінің объектілері: құрылыс-монтаждау басқармалары мен ұйымдары; құрылыс бұйымдарын өндіретін заводтар; коммуналдық шаруашылық мекемелері; құрылыс техникасы мен жабдықтарын пайдалану және жөндеу кәсіпорындары; құрылыс бойынша акционерлік бірлестіктер.

Мамандарды дайындау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мамандық бітіруші түлектердің дипломдық жобалары, зертханалық және тәжірибелік жұмыстары компьютерлік техникалармен, автокадты жобалау жүйесін пайдалану арқылы орындалады.

Кафедра мамандықтарының студенттері «Қазақмыс» корпорациясы,  «Қазақстан  темір жолы» АҚ, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ, құрылыс-монтаждау тресінде; құрылыс-монтаждау ұйымдары мен басқармаларында; жылумен-сумен жабдықтау кәсіпорындарында; жылу-электр орталығында; бас жобалау институтында және тағы да басқа кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтеді.

5. 5В042100-«Дизайн» мамандығы бойынша бітірген түлекке дизайн бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектердің біліктілігі және лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген “Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына” сәйкес бакалаврлар бірінші дәрежелі техник, кіші ғылыми қызметкерлер, инженер-лаборант, ғылыми-зерттеу мекемелерінің инженерлері, конструкторлық және жобалау мекемелерінде және басқа да қызметте жұмыс істей алады.

5В042100-«Дизайн» мамандығы бойынша жоғары базалық білім алған мамандар сәулет өнерінің үзінділерін, экспозицияларды, ішкі көріністерді, өндірістік және тұрмыстық заттарды, сыртттай бейнелеу коммуникациясы, жарнамаларды жобалауға және көркемдеу жұмыстарын орындауға мамандалады.

6. 5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша бітірген түлекке бейнелеу өнері және сызу бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектердің біліктілігі және лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген “Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына” сәйкес анықталады.

- мектептерде, лицей, колледждерде мұғалім қызметін атқаруға білім мекемелерінде меншіктің түріне қарамастан педагог, меңгеруші және мемлекеттік мекемелерде біліктілік бойынша қызмет атқаруға мүмкіндігі бар.

Бітірушілердің кәсіптік қызмет объектілері болып әр түрлі оқу орындарындағы педагогикалық қызмет, шығармашылық және салалық ғылыми-зерттеу институттары мен лабораторияларда, көркем шеберханаларда, баспаханаларда т.б. жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

7. 5В012000-«Кәсіптік білім» мамандығы бойынша бітірген түлекке  кәсіптік білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

5В012000 - «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша бакалавриат мамандығын бітіруші кәсіптік оқыту ұстазы, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі, орта және кәсіби мектептерде, колледждерде, лицейлерде кешенді жұмысшы кәсіптерінен  жалпытехникалық пәндердің арнайы технологиясы оқытушысы, орта және жоғары кәсіби білім беру жүйесінде олардың ведомостволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан өндірісті оқыту шебері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген “Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасының” біліктілік талаптарына сәйкес бакалаврлар бірінші категориялы техниктің алғашқы қызметіне, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант және инженер ғылыми-зерттеу мекемелеріне, еңбек өтілін талап етпестен жұмысқа қабылданады.

 «Кәсіптік білім» мамандығын бітірушілер бастауыш, ортаңғы және қосымша кәсіптік оқыту мекемелерінде, өндірісте кәсіби оқыту; оқыту үрдістерінің және құрылымдарының ғылыми зерттеулері; сәйкес саладағы техника және технология мәселелері бойынша ғылыми зерттеу; ғылыми өндірістік және кеңестік-басқару қызметі оқу өрісінде, өндіріске сәйкес мамандалады.

Студенттер үшін  техникалық оқыту құрал- жабдықтары, макеттер, стендтер, дәріс және арнайы аудиториялар, зертханалар, дипломдық жобалау кабинеттері және компьютерлік класстар ғылыми – оқыту базасымен қамтамасыз етілген. 

  • platonus kartinka
  • Bolashak
  • site prezidenta kazakhstana 0
  • Ministerstvo Obrazovanie RK
  • Elektronnoe Pravitelsto Kazakhstana
  • fin logotip ru
zoofirma.ru